Жақында аталмыш кітапханада «Рухани қазына» бағдарламасы аясында «Біз тұратын өлке» атты рельефтік-графикалық формат- та біздің аймақтың қасиетті жерлеріне жол көрсеткіш жобаның тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл игіліктің бір ерекшелігі - көз мүге- дектеріне арналған суреттермен көркемдел- ген және Брайль нүктелі-бедерлі шрифтісі- мен жазылған нұсқа. Түсіндірме көрсеткіш жалпақ басылым түрінде, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, сондай-ақ аудио-қосымша нұсқасы да бар.

Жол көрсеткішке жарықпен бейімділген, көзі нашар көретін адамдар үшін қолмен сезуге лайықталған Павлодар облысының картасы қосымша жасалған.

- Бұл ұзақ мерзімді жоба. Біз жыл сайын зағиптар үшін арнайы жол көрсет-кіштерді шығаратын боламыз,-дейді кітап-хана басшысының орынбасары, жоба жетекшісі Ләззат Серікқызы. - Алдымен Павлодар облысының қасиетті жерлерінің жол көрсеткіштерін жасасақ, одан кейін сәулет ескерткіштерінің көрсеткіштерін жасап, жүзеге асырамыз. Одан кейінгі кезекте мәдениет мекемелері тұр. Сонымен бірге Қазақстандағы тарихи орындар жол көрсеткіштерін жасауды қолға аламыз. Бұл - әрине, зағип адамдар үшін өте пайдалы әрі тиімді құрал.

Алдағы уақытта аталмыш жоба ағылшын тіліне аударылмақ, бұл шетелдік турис- тер үшін қажет. Кітапхана ұжымы тарихи сәулетті ғимараттар, ескеркіштердің көрме-макеттерін жасауды да жоспарлап отыр.

Жобаның тұсаукесеріне жиналған зағип жандар жолкөрсеткіштермен танысты, кітап-хана ұжымына ризашылық білдірді.

Аталмыш жобаны іске қосуға демеушілік көрсеткен британ үлгісіндегі «Меланика» сауда үйінің басшысы Фисун Марина екенін атап өткен жөн.

Кітапхана оқырманы Балкен Ибраева «Адам қандай жағдайда да айналасындағы өзгеріс, жаңалық, жақсылық атаулыны көргісі, танығысы келеді. Осы тұрғыдан алғанда кітапхана ұжымының зағиптарға жасап отырған ұзақ мерзімді жоба - игілігі мол іс» деп білеміз дейді.

Сонымен зағип жандардың аймақтағы және еліміздегі киелі жерлермен, сәулет ескерткіштерімен танысып, әдеби, тарихи дүниелерден хабар алуына мүмкіндік жасалды.

 

Сая МОЛДАЙЫП

saryarka-samaly.kz