Сатушы чекті ұсынбай салық төлеуден жалтарады. Ал салық болса, өзіңіз білетіндей біздің әлеуметтік саулығымыз! Бірақ, бұл - дүкенге сауда жасауға келгенде көбі ойлана бермейтін бір ғана, бірақ өте маңызды аспект. Кейде чектен, мәселен, автобус билетінен өз еркімен бас тартатын «жанашырлар» да кездесіп жатады. Соңғысы да тұтынушы үшін пайдасы жоқ факт, бірақ қазір әңгіме ол жайлы емес. Біз дүкенге келгенде «әркімдікі өзіне» дегендей, мемлекеттің сауаттылығы туралы ойлаймыз. Чек кейіннен, яғни егер сізге тауар келмей қалған болса немесе ақауы бар болған жағдайда өте қажет болуы мүмкін. Тауарды қайтару рәсімін әрине чексіз де шешуге болады, бірақ ол қиынға түседі.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - Заң) 33-бабының 1-тармағында «Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машинаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіпте және жағдайларда қолдануға міндетті» деп жазылған. Яғни, егер сіз тауар немесе қызмет үшін төлесеңіз, онда сізге чек немесе сауданы растайтын басқа да құжат ұсынылуы қажет. Ол туралы 24-баптың 10-тармағында айтылған, ол бойынша сатушы «тауарды сату (жұмыс орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты беруге» міндетті.

Заңның осы бабында көрсетілген тағы бір қызықты жайт: «Сатушы (дайындаушы, орындаушы) бақылау-кассалық машиналар орналастырылған жерде тұтынушының бақылау (тауарлық) чегін алу қажеттілігі туралы және бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі бұзылған жағдайда оның мемлекеттік кірістер органына жүгінуге құқылы екендігі туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастырады». Бұл дегеніміз - сатушы тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда, тұтынушы тиісті органдарға жүгінуге құқылы.

Егер Сіз чекті алмасаңыз немесе лақтырып тастасаңыз не жоғалтып алсаңыз, онда сізге куәгерлерге жүгінуге тура келеді. Бұл факт Заңның 18-бабында көрсетілген.

Тағы да бір маңызды жайт: чекте бұлардан басқа сауда жасалған күн көрсетіледі. Соған байланысты ықтимал қайтару есебі жүргізіледі. Сізге тек қана тиісті сападағы тауарды сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде қайтара алатындығыңызды білуіңіз керек. Ол туралы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 14-бабында айтылған. Енді сіз барлық жағынан сақадай сайсыз, ал сіздің қаншалықты сауатты тұтынушы болатыныңыз өзіңізге байланысты. Ал біз өз тарапымыздан сізге тек сәтті сауда тілейміз!

Павлодар облысының тұрғындары тұтынушылардың құқықтарын қорғау сала-сындағы туындаған сұрақтары бойынша Департаментке жүгініп, әр бейсенбі сайын өткізілетін «Ашық есік күндері» шегінде немесе «Тікелей желі» телефоны 8 (7182) 32-18-22 номеріне хабарласып, консультативтік-құқықтық көмек ала алады. Департамент Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі, 136, 412-кабинет мекенжайында орналасқан.

Сауатты жасалған сатып алулар Сіздің өміріңізге қатерлі болмайды және де тұтынушы сауатты болса, сатушылар мен өндірушілер де жауапты болады.

Мақалада 2017 жылғы №1 «Біздің сарапшымыз» журналының ақпараты қолданылды.

 

И.М. АХМЕТЖАНОВА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушы-лардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

saryarka-samaly.kz