Таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жадынамаларға (қосымшапарақтарға), зат белгілерге, зат таңбаларға, орауышқа (ыдысқа) түсірілген мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер;

ҚР аумағында өткізілетін кез келген отандық, импорт өндірісінің, сондай-ақ Еуразиялық эконо-микалық одақ аумағында өндірілген өнімдеріне міндетті ақпараттың көлемі Кеден одағының техникалық регламенттерімен белгіленеді.

Дайындаушы (өндіруші) өнімді айналымға шығару кезінде ол туралы толық, қажетті, бір мағыналы түсінікті және растаушы ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті.

Өнімді таңбалау Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Таңбалауға қойылатын жалпы талаптар:

• мәліметтердің дұрыстығы: олар сатып алушыны тауар өндірушісіне, шығарылған еліне, саны мен сапасына қатысты жаңылыстырмауға тиіс;

• қолжетімділігі: ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы тиіс; ақпарат түсінікті болуы тиіс, қолданылатын терминдер мен анықтамалар түсініктемелер мен анықтамаларды талап етуге тиіс емес;

• ақпараттың жеткіліктілігі: таңбалау толық емес болмауы тиіс, бірақ артық ақпарат тұтынушының қызығушылығын келтірмейтін пайдасыз мәліметтердің болуы мүмкін.

Таңбалауда нақты мәтін, көрнекі және көркем безендірілген болуы тиіс.

Құрамы, қасиеті, мақсаты, дайындаушы және (немесе) өнім беруші, сақтау шарттары, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату, дайындау және тұтыну тәсілдері, дайындау күні, энергия тұтынуына (энергия тұтынатын жабдықтар үшін), шығу тегі, жарамдылық мерзімі, салмағы, көлемі, санына қатысты тұтынушыларды алдау мен жаңылыстыруды болдырмайтын ол туралы толық, қажетті, сөзсіз түсінікті және нақты ақпаратпен, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын және оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Тауарды сатып алу кезінде бірінші кезекте тұтынушыға қажетті кешенді тауарлық ақпаратпен оны қамтамасыз ететін таңбалауға назар аудару қажет.

Тауарды таңбалау, мынадай негізгі мәлімет-терді қамтуы тиіс:

• өнімнің атауы;

• дайындаушы туралы мәліметтер, оның ішінде елдің және тауар шығарылған жердің атауы;

• сәйкестік белгісі;

• өнімнің дайындалған күні мен уақытын қаптамалау (өлшеп-орау) күні;

• өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау мерзімі;

• негізгі тұтынушылық қасиеттері (тағамдық қоспаларды қоса алғанда массасы, көлемі, құрамы);

• қолдануға қарсы көрсеткіштері;

• дайындау тәсілдері мен жағдайлары, сақтау шарттары (өнімнің белгілі бір түрлері);

• дайындаушының тауарлық белгісі;

• егер тауар басқа елде өндірілсе, өнім (тауар) сапасы бойынша тұтынушылардан ҚР аумағында наразылық қабылдайтын ұйымдар туралы ақпарат.

Әрине, қазіргі уақытта барлық осы талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды сату жағдайлары кездеседі. Өнімнің кейбір түрлері нарыққа өнімдердің шығу мүмкіндігінің қолданыстағы тәртібін сақтамай, айналымға түседі, нәтижесінде контрафактілік немесе жалған өнімді айтпағанда, азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Сондықтан нарыққа жеткізілетін тауар сапасы үшін өндірушінің немесе жеткізушінің жауапкершілігін күшейту және тұтынушының құқығын қорғау мақсатында тұтынушыны ақпараттандыру және тауарларды таңбалау қажет.

 

Ә.КУЛАГИНА, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы.

saryarka-samaly.kz