Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында аймақ басшысы Болат Бақауов басқарманың жаңа жетекшісін таныс-тырып, нақты тапсырмаларды жүктеді. Атап айтқанда, бұған дейін облыстың ресми делегация- лары жасаған сапарлардың, инвесторлармен өткен кездесулердің нәтижесіне жетуді жүктеді.

- Соңғы үш жылдың көлемінде біздің ресми делегациялар Қытайға, Беларусь Республикасына, Ресей Федерациясының көршілес өңірлеріне жұмыс сапарларымен барды. Сол кезде жасалған меморандумдар мен кездесулердің нәтижесін көрсету керек. Сонымен қатар, қол қойылған құжаттарды қайта қарап, мәселенің мән-жайымен егжей-тегжейлі танысуыңыз тиіс, - деді Б.Бақауов.

Айта кетелік, Ғанибет Әубәкіров 1982 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2003 жылы Қарағанды қаржы институтын экономист-қаржыгер, ал 2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін құқық мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті Мемлекеттік активтер мониторингі және ішкі әкімшілік ету басқармасының сарапшысы болып бастады. 2014 жылғы наурыз бен 2016 жылғы қыркүйек аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті Өнеркәсіп саясаты басқармасының басшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті салааралық үйлестіру басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2016-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары және басшысы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызмет-терін атқарды. Соңғы жұмыс орны – Павлодар облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz