Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев айтты. Оның сөзінше, тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін пайдалану жөнінде ақпарат толық жеткізілмегендіктен, олар өз құқықтарын білмейді. Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен оралмандарға бюджеттік қаржы есебінен көрсетіледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Республикалық бюджет көлемі- нен көрсетілетін көмекке мамандан-дырылған медициналық қызмет көрсету, яғни, хирургиялық, нейро-хирургиялық, психиатриялық, онко- логиялық, радиологиялық, офталь-мологиялық, кардиологиялық, аку- шерлік-гинекологиялық сынды ауру түрлері жатқызылады. Бұдан бөлек, ВИЧ-инфекциясы мен туберкулезге шалдыққандар, төтенше жағдай, оқыс оқиғалар кезінде алған жарақаттар, сот-медициналық сараптамасы да осы қатарды толықтырады. Ал жергілікті бюджет есебінен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне мамандандырылған амбулаторлық-емханалық ұйымдар жүзеге асыратын алғашқы медициналық-санитарлық, консультативті-диагностикалық көмек, 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдердің тіс ауруы жатқызылады. Бұл тізімге ортодонттық көмектің қосылмайтынын атап өткен жөн. Яғни, иекті түзету, тіске брекет салдыру қызметтері ақылы жүргізіледі. 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапиялық көмек, жедел және шұғыл көмек көрсету тегін жүзеге асырылады.

- Егер дәрігер емделушіге қандай да бір тексеруден өтуі жөнінде жол- дама жазып берсе, науқас аталмыш қызметті тегін пайдалануға құқылы. Жолдама болған кезде барлық қызмет тегін көрсетілетінін ескерген жөн. Әлеуметтік желідегі «Инстаграмм», «Ватсапп» парақшаларымда көптеген тұрғындар осы мәселе жөнінде жиі сұрақ қояды. Мәселен, кейбірі баланың жүрегіне ультрадыбыстық зерттеу жүргізу жөнінде жолдама берілсе де, қызметті ақылы пайдаланып жүргендерін айтады. Егер баланың жүрегі немесе ағзасының өзге де мүшелерін тексеруден өткізу жөнінде дәрігер жолдама берсе, бұл қызмет үшін ақша төленбеуі керек. Өйткені, дәрігер науқастың диагнозын дұрыс қоюы үшін арнайы тексеруден өтуге жолдама береді. Сондықтан осындай зерттеулер тегін жүргізілуі тиіс, - деді О.Мұқашев.

Тұрмысы төмен санаттағы тұр- ғындарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1,2,3-топтағы мүгедектер, көпбалалы аналар, «Алтын алқа», Күміс алқа» иегерлері, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, зейнеткерлер, өзгелерге қауіп төндіретін ауруларға шалдыққандар бағасы қымбат диагностикалық зерттеулерді тегін пайдалана алады.

- Мысалы, егер ересектер мен балаларға компьютерлік томографиядан өту үшін жолдама берілсе, олар бұл қызметті тегін пайдаланады. Сонымен қатар, магнитті резонансты томография сынды бағасы қымбат тексеруге де жолдама болса, емделуші ақша төлемейді. Себебі мемлекет тарапынан медициналық сақтандыру қоры арқылы аталмыш томография қызметіне қаражат бөлінеді. Әрине, барлық аудандарда мұндай қымбат құрылғылар жоқ. Бүгінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу қаласының бірқатар медициналық мекемелерінде бұл құрылғылар орнатылған. Егер науқас жолдамасыз медициналық тексеруден өткісі келсе және қажетті қызмет түрі тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде тіркелмесе, ақылы пайдаланады, - деді О.Мұқашев.

Атап өтерлігі, ағымдағы жылы облыстық денсаулық сақтау басқар-масының бюджеті 50,2 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде шамамен 42 млрд. теңге республикалық бюд- жеттен, 8 млрд. теңгеден астам қаржы облыстық бюджеттің есебінен бөлінген.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА

saryarka-samaly.kz