Қазіргі уақытта №25 және №42 орта мектептердің алдын тегістеу жұмыстары аяқталып қалды. Сондай-ақ, «Дачный» шағын ауданындағы № 21 орта мектептің кіреберіс жолдары қалпына келтірілді.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Николай Казаниннің айтуынша, осы жылы облыс орталығындағы 28 білім беру мекемесінің кіреберіс жолдарын жөндеу және 100 қоқыс контейнерін орнату жоспарланған.

- Сәуір айынан бастап кварталішілік аумақтарды жөндеу жұмыстары басталды. Осы мақсатқа бюджеттен 359 млн. теңге бөлінді. Алдын ала болжам бойынша, жұмыс қыркүйекке дейін аяқталуы керек. Егер ауа райы қолайсыздық тудырмаса, уақытынан бұрын тәмамдауға мүмкіндік бар. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты біраз нысанда жұмыс тоқтаған болатын. Биыл соларды қайта жалғастырамыз, - дейді Николай Казанин.

Жауапты мамандардың сөзінше, барлық білім мекемелерінің өтінімдері қабылданған. Жазға дейін тапсырыс беруші мекемелердің саны тағы қосылуы мүмкін.

 

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz