2018 жылдың 23 желтоқсанынан «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) күшіне енеді.

Аталған Бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ) қолданатын қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі - 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі, 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі, 2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі өтеді.

Осылайша, ҚР ҚМ МКК-мен 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға көшіру жүзеге асырылады.

БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан - жеке тұлғалар, адвокаттар мен медиаторлар, қызметін патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында http://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalaryn-koldanu- 1 сілтемесі бойынша орналастырылған.

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

saryarka-samaly.kz