Облыс орталығындағы медицина мекемелерінің қызметкерлері кардиологиялық орталықта бас қосып, елдегі маңызды саяси оқиғаларға қатысты өз ойларымен бөлісті. «Nur Otan» партиясының атынан сайлауға ұсынылған кандидатқа қолдау білдірді.

- Мемлекет халқы үшін бүгінге дейін бағындырған белестеріміздің жалғасын тапқаны маңызды. Өзгені айтпағанда, денсаулық сақтау саласына қомақты қолдау көрсетілуде. Медициналық мекемелер заманға сай құрал-жабдықтармен қамтылды. Кадрлық әлеуетіміз артты. Біз үшін осы бағыттағы жұмыстардың жалғасын тапқаны маңызды. Сондықтан «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидатты қолдаймын, - деді облыстық кардиология орталығының директоры Әділ Дүржанов.

Ал орталықтың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, кардиолог дәрігер Альмира Бадретдинова тәуелсіздік жылдары «Nur Otan» партиясы денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Жас мамандар атынан сөз алған Ақерке Ақылжанова елімізде жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан оң істер жайында баяндады.

 

Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz