Сатылымға қойылған тауар-лардың барлығы да нарықтағы бағадан едәуір арзан. Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Арман Асиповтың сөзінше, жәрмеңкедегі белгіленген баға дүкендегі өнімдерден 15-20 пайызға арзан. Қала тұрғындары да дән риза. Сондай-ақ А.Асипов келесі жәрмеңкелерде де өнімдердің бағасы қымбаттамайтынын айтты. Мәселен, орта есеппен алғанда жылқы етінің келісі 1500 теңге, қой еті - 1300 теңге, сиыр еті 1400 теңгеден саудаланатын болады.

Жәрмеңкеге қатысқандардың бірі - «Ысқақов» жеке кәсіпкерлігі. Аталған шаруашылық күнбағыс майының литрін 320 теңгеден босатты. Бұл жерден 5 литрлік күнбағыс майын 1650 теңгеге сатып ала аласыз. Аталған жәрмеңкеде қақталған және ысталған сиыр еті мен жылқы етінен жасалған шұжықтар төмен бағамен сатылды.

 

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz