Соңғы уақытта шарбақтылықтар ішкі туризмді дамытуда белсенділік танытып келеді. Тіпті, бір ғана Маралды көліне барып, демалушылардың саны жыл санап арта түскені мәлім. Осы ретте аудан азаматтары демалушыларға барынша қолайлы жағдай туғызу үшін түрлі жобаларды қолға алуда. Соның бірі - Есілбай ауылы маңындағы қарағайлы алқапта бой көтеретін «Ұлттық асхана».

Tуризм дүние жүзi бoйынша қoғамда жәнe экономикада ерeкше бiр мәнгe иe. Tуризм сөзiн eстігенде бiздің көз aлдымызға eң aлдымен бiр нeмесе бiрнеше адaмның өзaра ұйымдасқaн саяхaты, сән-салтанаты келісті қoнақ үйлeр мен әсем табиғат eлестейді.

Табиғатының сұлулығы бойынша Павлодар өңірі еліміз бойынша көш бастап тұр. Мұнда ұшы-қиыры жоқ дaрқан дaла, қaйыңға орaнған тoғайлар, қaрағайлы oрмандар, тaулар мeн көлдeр жетерлік. Сондай өңірдің бірі - Шарбақты ауданы. Мұнда таудан өзгенің бәрі бар дерсіз. Соңғы жылдары ауданның ішкі туризмін дамыту аясында «үшбұрышты» туристік бағыт ашылғаны мәлім. Мұнда келушілер Маралды көлінен бастап Галкин ауылына және Ғабдул-уахит қазіреттің кесенесіне баруға болады. Сонымен қатар ат туризмін де алғашқылардың бірі болып қолға алған шарбақтылықтар болатын. Биыл «Ұлттық асхана» жобасын қолға алумен ерекшеленіп отыр. Мұнда ауданға демалуға келген туристердің киелі жерлерді аралау барысында жолда тоқтап, қазақ халқының ұлттық тағамдарынан дәм татып қайтуына мүмкіндік жасалады.

«Ұлттық асхана» Есілбай ауылы маңындағы Ертіс орманы мемлекеттік табиғи орман резерватының қарағайлы алқабында орналаспақ. Бастапқыда 2 күйіз үй құрып, тек қана жаз-күз айларында жұмыс жасаймыз дейді жоба авторы, ауыл кәсіпкері Қисамиден Мәшенов.

Келушілер саны артып, қыс мезгілінде де сұранысқа ие болатын болса қарағай алқабында арнайы демалыс үйлерін салуды көздеп отыр.

- Қазіргі таңда «Ұлттық асханада» жұмыс істейтін адамдар таңдалу үстінде. Асханада қымыздан бастап, айран, құрт, ірімшік, қоспа, талқан, бауырсаққа дейін әзірленбек. Елімізге өзге мемлекеттен келетін туристерге тек қана табиғатымызбен мақтанып қана қоймай, қазақ халқының дастарқанының байлығын, оның өзгелерге ұқсамайтынын, қала берді, денсаулыққа тигізер мол пайдасын да паш етеміз, - дейді Қ.Мәшенов.

Сонымен, елге келіп демалушы шетелдіктерге ұлттық астан дәм татқызып, қазақ дастарқанының байлығын таныстыруды көздеген жобаның жуық арада тұсауы кесілуі мүмкін. Әзірге Шарбақты ауданындағы экотуризмді дамыту мақсатында қолға алынып отырған ауқымды жоба дайындалу үстінде.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz