Қазақстан – көп ұлтты бауырына басқан киелі мекен. Солардың ішінде өзге этнос өкілдерімен қатар діні мен тілі бір түркі тілдес ұлттар да бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Олармен ең бірінші қазақ халқын тығыз байланыстыратын дүние - Көне түркі жазба ескерткіштері. Шара барысында түркі жазуларының тарихы туралы деректі фильм қойылып, өңірімізге белгілі әнші-күйшілер өнер көрсетті.

- Түркі дүниесі және мәдениеті мен жазбалары - әлем әдебиетінің ажырамас бір бөлшегі. Түркі тілдес халықтарының жазбалары күні біздің дәстүрлі мерекемізге айналды. Бұл жер бетіндегі барша түркі тілдес халықтарының ажырамас достығын көрсетеді, - деді облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Кокина.

Шара барысында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп жүрген зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Тілеуберді САХАБА

saryarka-samaly.kz