Атап айтқанда, ойын алаңына жергілікті «Ertis» футбол орталығынан екі команда, Олимпиада резер-вінің мамандандырылған балалар мен жасөспі- рімдер мектебінен бір команда шықса («ОРМБЖМ»), басқа қалалардан «Астана», «Семей», «Шахтёр» командалары арнайы келді. Сонымен қатар, Ресейдің Барнауыл қаласының «Динамо», Омбы қаласының «Авангард» жастар командалары өнер көрсетті. Жарыс 2009 жылы туған жас жеткіншектер арасында өтті.

Жарыс маусым айының 1-і күні басталып, бес күнге жалғасты. Алғашқы күні жасыл алаңда жергілікті «Ertis-1» командасы қараған- дылық «Шахтерді» қабылдаса, біздің «ОРМБЖМ» ойыншылары Ресейдің Барнауыл қаласынан келген «Динамо» ойыншыларымен ойнады. Сондай-ақ, «Ertis-2» мен өскемендік «Алтай» командалары алаңда шеберлік сынасты. Ең жоғары ұпай жинаған төрт команда финалда ойнады. Олар «Ertis-1» мен «Динамо», «Шахтер» мен «ОРМБЖМ» командалары болатын. Алғашқы екеуі чем- пиондық атаққа таласса, соңғы екеуі үшінші орын үшін тартысты. «Жұлдыз» стадионында өткен «Ertis-1» мен «Динамо» арасындағы матч тартысты өтті. Чемпиондық кубокты олжалау үшін бар мүмкіндіктерін көрсете білді. Бұл кездесуде біздің балалар өз жанкүйерлерін жерге қаратпады. Шабуылшы Гапур Мержоев ойынның бірінші таймында қарсыластар қақ- пасына гол салса, шабуылшы Савелий Дорожкин есепті еселеп, тағы екі ұпай алып берді. Өз кезегінде барнауылдық «Динамо» ойыншылары да павлодарлықтардың қақпа-сына екі доп салып, есеп айырмасын азайта түсті. Ойын – 3:1 есебімен түйінделіп, Павлодардың «Ertis-1» командасы чемпион атанды. Ал «Динамо» екінші орынды қанағат тұтты. Қарағандылық «Шахтер» мен павлодарлық «ОРМБЖМ» командалары арасындағы кездесуді біздің балалар сәтсіз аяқтады. Ойын нәтижесі бойынша «Шахтер» футболшылары басым түсіп, үшінші орынға ие болды.

Осы турнир кезінде ерекше ойын көрсетіп, командасын алға сүйреген бірнеше футболшы арнайы номина-цияларға ие болды. Мысалы, «Астана» командасының мүшесі Рамазан Танбай турнирдің «Үздік қорғаушысы» номина- циясын жеңіп алса, «Шахтердің» қақпашысы Никита Килджиев «Үздік қақпашы» деген атаққа ие болды. «ОРМБЖМ» командасының өкілі Есен Мадияр «Үздік жартылай қорғаушы», «Ertis-1» -дің ойыншысы, ерекше шеберлігімен көзге түскен Гапур Мержоев «Үздік сұрмерген», Савелий Дорожкин «Үздік шабуылшы» атанса, «Динамоның» шабуылшысы Амир Чанба «Үздік ойыншы» номанциясымен марапатталды. Сонымен қатар, халықаралық турнирдің «Үздік бапкері» аталымы «Ertis-1» командасының жаттықтыру-шысы Нұрлан Байжұмановқа бұйырды.

- Биылғы турнирдің дең- гейі айтарлықтай жоғары болды. Командалар жақсы дайындықпен келіпті. Әрине, арасында мұндай кәсіби алаңда «піспеген» балалар да бар екен. Олар уақыт өте келе шыңдалады деп сенеміз. Осындай ірі ойынға демеушілік жасап, жас жеткіншектердің спорт- тық бәсекелестігін арттырған «ERG» компаниясы басшы-лығына алғысымызды айта- мыз. Сондай-ақ, қатысушы командаларға және олардың жаттықтырушыларына алдағы уақытта сәттілік тілейміз. Балалардың бар- лығы жақсы футболшы боларына күмән жоқ, ең бастысы, жақсы адам болып өсуі керек, — деді облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Садуов.


Ернұр САЙЛАУОВ, «Ertis-1» командасының ойыншысы:

- Менің футболмен шұғылданғаныма 4 жыл болды. Алаңда жартылай қорғаушы ретінде ойнаймын. Бүгінгі турнирге қатысып, коман-дамыздың чемпион болуына үлес қосу - мен үшін үлкен жетістік. Соңғы қарсыласымыз өте мықты болды. Балалар бар мүмкіндіктерін көрсетіп, нәтижесінде жеңіске жеттік. Командалас достарыма және жаттықтырушымыз Нұрлан Төлегенұлына ерекше алғысымды айтамын.

 

Тілеуберді САХАБА.

saryarka-samaly.kz