Клубтың жаңадан тағайындалған бас бапкерін облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Сәдуов таныстырды.

56 жастағы М.Миланович бұрын белградтық «Чукарички» командасында ойнаған. Кейін бапкерлік қызметке ауысып, Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. Одан соң сербиялық «Новый Пазар», «Колубара», «Хайдук», «Земун», «Рад», «Раднички», сондай-ақ босниялық «Лакташи» командаларында қызмет етті. Бұдан бөлек, есімі қазақстандықтарға жақсы таныс Молдованың «Шериф» футбол клубына жетекшілік етті.

- Облыс әкімі Болат Бақауов пен павлодарлық жанкүйерлердің артқан сенімін ақтауға тырысамын. Қазақстанның 5 дүркін чемпионының қазіргі жағдайынан хабарым бар. Алдағы уақытта турнир кестесіндегі нәтижені түзету үшін жұмыс істейміз, - деді Милан Миланович өз сөзінде.

saryarka-samaly.kz