Жарысқа қаланың барлық әуесқой командалары қатыса алады. Қаланың 22 шағын футбол алаңында 2002-2010 жылы туған балалар арасында Елорда күнін мерекелеуге арналған қалалық турнир өтеді. Турнирге 20-дан астам команда қатысады деп жоспарлануда. Бұдан басқа, жаз бойы екі қалалық шағын футбол алаңында «Unity-liga» ашық қалалық турнирі ұйымдастырылады. Жарысқа Павлодар облысы бойынша 32 команда 2 лигаға бөлініп өнер көрсетпек. Аталған жарыс балалар мен жастар арасында шағын футболды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді. Сондай-ақ Павлодар облысының командалары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, байланыстарды нығайту үшін ұйымдастырылып отыр. Бұдан бөлек, қала аумағында биылғы жылы 23 шағын футбол алаңын, балалар алаңын, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тренажер, 56 стритбол алаңын орнату жоспарлануда. Спорт нысандарын салу бойынша барлық жұмыстарды осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау көзделуде.

 

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz