Павлодар облыстық дене тәрбиесі, туризм және спорт басқарма-сының бас маманы Айнұр Қоспақованың сөзіне сүйенсек, мұз айдынында кәсіби спортшылармен қатар, коньки спортының әуесқойлары да жаттыға алады. Спорт нысанының құрылысын «ТОИР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда мер- дігер компания құрылыс- монтаждау жұмыстарын 80%-ға орындаған.

- Мұз айдыны орналасатын ғимарат толықтай салынып болды. Қазір ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұз айдынында табиғи мұз пайдаланылады. Бүгінде мұз түзеу жабдықтарын құрасты- румен айналысудамыз, - деді жауапты мердігер ұйымы дирек-торының орынбасары Әлімжан Исмаилов.

Шатыр астындағы футбол манежінің құрылысына келетін болсақ, жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңгеге жуық. 1 миллиардтан астам қаражат нысанның құрылысына жұмсалса, қалған сомаға мінберлер, жасанды шөп жабындысы және тағы басқа қажетті жабдықтар сатып алынады. Футбол манежінің құрылысын «Taraz Qurylys Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазіргі кезде аталған құрылыс компаниясы манеждің қазаншұңқырын қазып, іргетасын орнатумен айналысуда.

Спорт нысандары құрылысының жоспарына сәйкес «Спорт-Сити» аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу алаңы, велодром, волейбол және баскетбол ойнайтын орын қарастырылмақ.

 

Әзірлеген – Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz