Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша «Сыбаға» бағдарламасы аясында 10 191 бас импорттық сиыр сатып алу жоспарлануда. Қазіргі таңда аймағымызға жоспардағы малдың 17,6 пайызы жеткізілген. 2019 жылдың соңына дейін шет елден ірі қара әкелу жоспарын толық аяқтау көзделуде.

- Бүгінде малды тірідей экспорттайтын біздің тұрақты әріптестеріміз – Ресей елінің Кемеров, Краснояр, Томск және Новгород облыстары, сондай-ақ, Чехия Республикасы. Жалпы өңірімізге бүгінде 2485 бас мал жеткізілді, олардың ішінде симментал тұқымды 691 бас қара малды «ASTYK-PV» тауарлы сүт фермасы сатып алды, - дейді басқарма басшысының орынбасары Марат Шұғаев.

Бір бас малдың бағасы экспор- ттаушы елге және сатып алынатын асыл тұқым түріне байланысты. «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мәліметтері бойынша ТМД елдерінде ангус тұқымды малдың бір басы орташа есеппен 750 мың теңге тұрады. Ал өзге асыл тұқым түрлерінің әр басы - 650 мың теңге көлемінде. Шаруалар көбінде талдау жасауда герефорд, симментал, абердин-ангус тұқымдарына басымдық береді. Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуда мемлекет әрбір бас үшін 225 мың теңге шамасында субсидия береді. Таза тұқымды қара мал үшін 175 мың теңгені құрайды.

- Өңірімізге әкелінген қара мал басы жағынан Тереңкөл ауданы көш бастап тұр. Мұнда 325 бас әкелінген. Ертіс ауданы – 312, сондай-ақ, Баянауыл ауданы – 280 бас, - деді басқарма басшысының орынбасары.

Атап өту керек, «Сыбаға» бағдарламасы ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуды, нақтысы, импорттық сиырлар сатып алуды несиелендіруге бағыт- талған. Яғни, жылдық 4 пайыздық жеңілдікті несие беріледі. Несие- лендіру «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ және «Ауыл шаруа-шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz