Жаңа фильмнің режиссері Фархат Cеркебаевтың айтуынша, киноның кастингіне 2 мыңнан астам адам қатысып, өз өнерлерін сарапқа салған.

- Осы облыста түсірілетін «Aǵa» фильмінің актерларын таңда алуға бір айдан астам уақытымыз кетті. Тіпті, кастинг аяқталғаннан кейін де фильмге түскісі келетін адамдар келіп жатты. Ертіс өңірінде талантты да белсенді жастардың көп екені қуантады. Мен режиссер болғандықтан, алдымен жас әрі талантты актерларды жарыққа шығаруым керек. Жаңа фильм көптеген жастың жолын ашады деген үміттемін, - дейді Ф.Cеркебаев. Сонымен қатар, режиссер аталған киноны түсіруге қолдау көрсеткен әріптестеріне, демеуші болған қалталы азаматтарға және жергілікті әкімдікке ризашылығын білдірді.

«Aǵa» фильмі Баянауыл, Торайғыр, жерлерінде, Павлодардағы орталық жағажайда және басқа да көрікті орындарда түсірілетін болады. Картина шамамен 23 күннің ішінде түсіріледі деп жоспарлануда.

 

Н.АҚЫТЕГІ.

saryarka-samaly.kz