Железинде – жаңа су құбыры

Железин ауданының Прииртышск ауылында ел астанасының 21 жылдығына орай жаңа су құбыры пайдалануға берілді.

 

Енді тұрғындар суды шелектеп тасымай-ақ үйдің ішінен ала алады. Су құбырының құрылысы былтыр басталған болатын. Мердігер компания – «Ай-Су мелио-рация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


- Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының барлығының орталық су жүйесіне қосылу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени нысандар қосылып үлгерді, - деп хабарлайды Железин ауданының әкімдігі.


Айта кетелік, Прииртышск ауылында барлығы 20 шақырым құбыр салынып, 85 құдық монтаждаудан өтті. Сонымен қатар, 36 өрт сөндіру гидранты мен модульді сорғы станциясы, 289 су есептеу құрылғысы, кешенді трансформаторлық қосалқы станция орнатылды.


Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.