Еуразия лигасы – Ертіс жағасында!

Жағажай футболынан Еуразия лигасының 3-кезеңі Павлодарда өтеді. Спорттық дода үстіміздегі жылдың 2-4 тамызы аралығында орталық жағалауда ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Халықаралық бәсекеге барлығы 5 команда қатысады. Ресейдің Томск қаласынан «ТГК» мен «Алтай Соккер», Новосібірден «Джокер» және Бредсктен «Кровь и песок» командалары келеді. Ал бұл сында павлодарлық «Арман» жағажай футбол командасы бақ сынайды. Алғашқы ойын «Джокер» мен «ТГК» командалары арасында өтпек. Кездесу 2 тамыз күні кешкі сағат 18.00-де басталады. Жерлестеріміз - «Арман» аяқдопшыларынан үлкен үміт күтеді. Аталған команда биылғы маусымды сәтті бастады. Ресейдің Барнауыл жерінде өткен алғашқы кезеңде жерлестеріміз 4 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді. 

Алпысбай ХОНЖ