-7- -Көшеміз,- деді Көпекең,- |
-8- Әр сөзін Хазіреттің көріп ырым,Бақытты жан жоқ еді бұдан бүгін. Жөнелді, Қызыл ағаш, қайдасың деп, Жетейін анасына, Риза боп баласына. Пақырдың көңілі жайлансын, Зар желдіртіп жөнелді атын тіпті. Сол сәтте артынан бір дыбыс шықты, Жалт қараса, артында ұлы келед, Кім көрген дәл осындай жындылықты. Ақырып ат бауырына алды дерсің, Қамшыны Жүсіпке енді салды дерсің. Медресенің ауласынан зып берген-ді, Бір сәтке Сопы тоқтай қалды дерсің. Сонан соң аттың басын кері бұрды... Екі қыста шар кітап тәмамдалған, Жүсіп оны заулатты жаттап алып. Көп бала һептиек Құранды Үйрене алмай жатқанда өліп-талып. Бұл тұста Қамалиден Хазірет те Омбыдан Баянға көшіп келген. Хазіретке Сопы кеп сәлем берген, Баланы көзі шалып соңына ерген. - Балаңды оқытасың ба басыбайлы, Жоқ, әлде? - деп... сұрап көрген. - Ниетім өмірі болса оқытпақпын, Сол үшін болып жүрмін алашапқын. - Биданнан онда мұны бастайын, Көрерміз артар жүгін болашақтың... Ал бала естіген сәт болашақты, Дегендей мен өзінен алашақпын. Жүре берді ілімге ендей еніп, Онымен білім қуған таласад кім? Хазіреттің аузынан шыққан лебіз, Болса да ұлан-ғайыр бейне теңіз. Алар ед ә дегеннен Жүсіп қағып, Еңбекпен деген рас білім егіз. Хазірет үйретеді құштарланып, Ал Жүсіп күннен-күнге қанаттанып. Қызылтау қиясының сол қыранын, Бұл кезде Баян халқы алды танып. «Қозы көрпеш», «Тарғынның» дастандарын Жазып алып жаттады қоймай бәрін. Сұлу сөзге шөлдеген Баян халқы, Тал бойына сіңірді талмай нәрін. Қашанда жұрт аузында сөз жата ма, Балалардан бұл хабар жетті атаға. «Күн еді аға Сұлтан сол күнде енді, Баянтау қаласына Мұса келді. Алдына көрем деп алдырған-ды Тынбаспен жазған Мәшһүр қақсай берді». Сөзі бұл Мәшекеңнен жеткен бізге, Біз-дағы көне тартқан түстік ізге. - Мына Мәшһүр болатын бала екен деп Оны мен тапсырам депті сізге. - Ей, Сопы, бұл баланы жақсы бақ! - деп, - Жұрт алдында балаңа үкі тақ! - деп Қаққай деп Құдай мұны көз бен тілден, Сол жерде Мұса мырза лепес қылды. Қамар хазірет бибісі, Елге сыйлы бұл кісі. Бибі Мәриям десе болар, Әйелдердің үлгісі. - Мұса мырза, үкі тақ,- Дегенін естіп сол бір шақ Жалғыз қызының Үкісін қадап бөркіне, Сүйсіне қарап тұрыпты, Жүсіптің бір сәт көркіне. Сол жайды Мәшһүр Жүсіп көп жазады, «Солардың сонда түскен махаббаты, Сүйсінген артылумен жан ләззаты. Ерден пірден ілтипат назар болып, Мәшһүрдің жұрт аузында қалған аты» |
Жалғасы бар
Комментарии (0)
Написать комментарий