Интернет жетпейтін түкпір қалмайды

Мәселен, Павлодар ауданының Шақат ауылдық мектебіне барып, бір жыл бұрын іске қосылған оптикалық-талшықты интернет желісінің ұстаздар қауымына берген нәтижесімен танысты.

- Жоғары жылдамдықты интернет желісі қосылып, көзіміз ашылды. Бұрын 4 мегабитпен интернетіміз баяу жұмыс істеді. Ұстаздарымыз қандай да бір ақпарат іздеу үшін қалаға ағылатын. Енді мұндай келең-сіздік келмеске кетті. Цифрландыру аясында ауылымызға талшықты-оптикалық желі тартылып, бүгінде 25 кабинетімізде интернет еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Қазіргі жылдамдық - 8 мегабит. Әр мұғалім қажеттісін алып, сабақты барынша заманауи өткізуге пайдаланып отыр. оқушыларымыз зияткерлік ойындарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан табылып жатыр. Мәселен, химия пәнінен Шақат мектебінің шәкірттері жоғары нәтиже көрсетті. Тіпті, цифрландырудың жемісін дене шынықтыру сабағында да кеңінен қолданудамыз. Бұл пәннің мұғалімі шахматтан балаларды ширату үшін интернеттен оқушыларға ұлы шахматшылардың ойындарын көрсетіп, ұтымды қадамдар жасау жағын үйретуде. Қазақтың ұлттық ойындарын, мысалы, асық ойнау түрлерін де осы интернет арқылы кеңінен насихаттауда, - дейді мектеп директоры Алмагүл Ысқақова.

Сонымен қатар, интернетті тиімді пайдалану үшін мектептің тарих пәнінің мұғалімі виртуалды музей де құрып үлгерген. Мұнда өлкенің өрістеуіне үлес қосқан, елі үшін еңбек еткен азаматтардың өмірбаянын, өлке тарихын ата-аналармен, ауылдастармен, оқушы-лармен бірлесіп түзіп, электронды форматқа түсірген.

Шақат ауылы бұл байланыс жүйесіне былтыр қосылыпты. Енді келесі жылы Павлодар ауданының Набережная елді мекеніне осы оптикалық-талшықты байланыс желісі тартылмақ. «Қазақтелеком» АҚ-ның Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Ермек Қуанышбековтің мәлімдеуінше, негізінен оптикалық-талшықты байланыс желісімен интернет секундына 100 мегабитке дейінгі жылдамдық бере алады. Шақат мектебі 10 мегабитке қосылған. Бұл - өте оңтайлы жылдамдық, дейді ол. Жылдамдық неғұрлым жоғары болса, соғұрлым құны да қымбат болатын көрінеді. Аталмыш ауылда мектептен бөлек жергілікті әкімдік, полиция пункті мен медициналық мекеме де қосылған.

Айта кету керек, бұл жоба «Қазақтелеком» мен еліміздің Ақпарат және коммуникация министрлігі арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жүзеге асуда. Жоба 14 жылға жоспарланыпты. Яғни, 2018-2020 жылдары байланыс желісін тартуға күш салынса, 2032 жылға дейін қызмет көрсетілмек. Ермек Қунашбековтің айтуынша, Павлодар облысының 364 елді мекенінің 87-сіне оптикалық-талшықты желі тартылған. Өткен жылы 9 елді мекен, яғни, 36 мемлекеттік мекеме интернетке қосылған. Биыл Железин, Успенка және Тереңкөл аудандарында құрылыс жүргізілуде.

Аймағымызда 500 шақырымдық желі тартылмақ. Мамандар жұмыстар уақытылы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Енді «Қазақтелекомның» қоятын қондырғыларымен барынша көбірек іргелес елді мекендерді сымсыз байланыспен қамту үшін оған биік антенналық діңгектер орнату қажет көрінеді. Бұл ретте, облыс әкімі Болат Бақауов аймағымызға оның қаншасы қажет екенін есептеп беруді сұрады. Е.Қунашбековтің мәлімдеуінше, кем дегенде 20 метр- лік діңгектерді орнатуға шамамен 8-10 млн. теңге жұмсалады. Облыс басшысы ауылдардағы элеватор мұнараларын, басқа да биік орындарды пайдалануды қарастыруға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, барынша халық тығыз орналасқан елді мекендерді көптеп қамту жағын ескеру керектігін де айтты.

Министр Асқар Жұмағалиев сапар барысында аймағымыздың IT-технологияларды пайдалану деңгейіне кеңірек тоқталды.

- Павлодарлық орта мектеп-тердің білім деңгейі – елімізде бірінші орында. Оқушылардың қызықты әрі келешегінен көп үміт күттіретін жобаларына тәнті болдық. Кейбір авторларды Astana Hub-қа, Нұр-Сұлтан қаласына шақырып отырмыз. Олар жобаларын шетелге таныстыруға мүмкіндік алады. Бір жас компанияны Дубайға, енді бірін Ұлыбританияға жіберуге таңдап алдық. Жалпы, мемлекетіміз стартап-жобаларды, жас компанияларды дамытуға жан-жақты жағдай жасауда. Жеңілдіктер қарастырылған, - деді А.Жұмағалиев.

Сондай-ақ, ауыл мен қаланы интернетпен толық қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өтті. Яғни, Елбасы- ның тапсырмасымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында республика көлемінде негізгі телекоммуникациялық желілерден шалғайда орналасқан 1270 елді мекенді қамту көзделіп отыр. оларға оптикалық-талшықты байланыс желісі тартылуда. Бірақ, ауылдықтарды интернетпен қамту мұнымен бітпейтінін айтты министр.

- Интернеттендіру ісі жалғаса түседі. Яғни, оптикалық-талшықты байланыс желісіне енбеген әрі кең жолақты интернетке қол жеткізбеген елді мекендерді 4G, IT-технологиялардың есебінен қамтимыз. Сөйтіп, 2025 жылға қарай интернет еліміздің барлық елді мекеніне жететін болады, - деді Асқар Жұмағалиев.

Электронды қызметке сұраныс артуда

ҚР Цифрлық даму, инновация- лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев Павлодар қаласындағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін бірқатар меке-мелерді аралады.

Жалпы, жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облы- сымыздағы филиалы 150 мың электронды-цифрлық қолтаңба берген. Сондай-ақ, 350 мың павло-дарлық мобильдік азаматтар базасына тіркелген. Өткен кезеңде 723 мың мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Оның 504 мыңын тұрғындар Connection point жүйесі арқылы еш мекемеге бармай-ақ, өз күштерімен алған.

Министр халыққа қызмет көрсету орталығы мен жаңадан ашылған Миграциялық қызметтер орталығында болды. Бұл орталықта еңбек мигранттарына барлық мемлекеттік қызмет бір терезе қағидасы бойынша көрсетіледі. Бұдан бөлек, ведомство басшысы Open Pavlodar фронт-офисіне бас сұқты. Мекемеге күніне 1500 адам келеді. Орташа есеппен алғанда 1200 қызмет көрсетіледі. Оның жартысынан көбі электронды түрде ұсынылады.

Технологиялық жаңғырудың нәтижесі

Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орын тепкен «Гиссенхаус» ЖШС-де болды. Бұл кәсіпорындар өз өндірістерінде цирлық технологияларды белсенді түрде енгізіп, оң экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуде. Ведомство басшысы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударды.

Павлодар мұнай-химия зауыты еліміздегі ірі әрі заманауи мұнай өңдеуші кәсіпорындардың бірі болып табылады. Мұндағы өндіріс толық модернизациядан өткізілді. Нәтижесінде шикі мұнайды өңдеу көрсеткіші мен сапасы артты. Жаңа автоматтандырылған изомерация кешені және күкірт өндіру құрылғылары орнатылды. Олардың жұмысы орталық басқару пункті арқылы реттеледі. Осылайша, ПМХЗ-да технологиялық бизнес-үдерістерді жүргізу әдістеріне өзгерістер енгізілуде.

Басты мақсат – цифрландыру. Осы бағытта Spiral Plan атты өндірісті оңтайландыруды жоспарлау жүйесі іске қосылған. Оның көмегімен зауыттың жылдық өндірістік бағдарламасы жасалған. Бұл кәсіпорынның операциялық шығындарын үнемдеуге мүмкіндік берді. Атап өтерлігі, зауыттағы барлық дерлік өндірістік процес- тер орталық басқару пунктіндегі инженер-операторлардың көз алдында. Олар құрал-жабдықтардағы болмашы ақаулардың өзін алдарында тұрған экрандардан көре алады.

«Гиссенхаус» ЖШС-да ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын- дар, олардың өндіс ерекшеліктері таныстырылды. Бүгінде, аталған аймақтың да жалпы аумағы электрондық жүйеге көшірілген. Яғни, кез-келген инвестор мұндағы кәсіпорындар, бос жер учаскелері, салықтық жеңілдіктер сияқты қызықтырған ақпараттарын осы электрондық жүйеден біле алады.

Қосындыланған алюминий өндіріп, одан автокөліктерге арналған дисктер шығаратын «Гиссенхаус» кәсіпорны да өндірісін автоматтандыруға бет бұрған. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев аталған зауыттардағы цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

 

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ, Данияр ЖҰМАДІЛ.

saryarka-samaly.kz