Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірмановтың мәліметінше, дәл осы күні өңірге бірқатар қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары келмек.

- Айтулы мерекеге орай біз көпшіліктің сұрауы бойынша қазақ этрадасының примадоннасы – Роза Қуанышқызы Рымбаеваны, елдің сүйікті ұлы Қайрат Нұртасты, көптеген патриоттық әндердің орындаушысы Ескендір Ибрагимов, «Кешью» және «Бастау» тобын шақырдық. Осы мерекелік концерт «Ертіс Promenade»-тың осы маусымдағы қорытындысы болмақ, - дейді А.Мейірманов.

Ендеше, тамаша кештің куәсі болып, жақыныңызға мерекелік көңіл-күй сыйлағыңыз келсе, жұма күні, яғни 30 тамыз, сағат 17.00-де Конституция күніне арналған концерттен кеш қалмаңыз!

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz