Әзірге күзгі жиын-терім науқаны уақытылы жүргізілуде. Аймақ шаруаларының басым бөлігі астық жинауға кірісіп кетті. Биыл облыс бойынша егістік алқабы 1097,8 мың гектарды құрап отыр. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 87,3 мың гектарға көп көрсеткіш. Үстіміздегі жылы майлы дақылдар мен картоп, көкөністің алқабы да ұлғайған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынған деректе-ріне сүйенсек, диқандар 140 мың гектарға жуық алқапта дәнді дақылдарды жинап үлгерген. Шамамен 100 мың гектарда астық бастырылды. Нәтижесінде 90 мың тоннаға жуық бидай қамбаға жеткізілді. Жаз айларындағы жауын-шашынның аздығы астық- тың шығымдылығына әсер етпей қоймады. Бүгінде облыс бойынша орташа есеппен гектарынан 9,1 центнер өнім жиналуда. Тереңкөл және Шарбақты ауданында көрсеткіш сәл жоғары, 10 центнерден асып отыр.

Биыл 1,9 мың гектар алқапта картоп отырғызылған болатын. Оның өнімділігі көңіл көншітерлік- тей. Гектарынан – 229 центнер. Қазіргі кезде облыс бойынша 50 мың тоннаға жуық картоп жиналды.

Ал шөп шабу науқаны аяқталуға жақын. Жоспарланған алқаптың 95 пайызына шалғы түсті. Шаруа- лар 1 млн. 343 мың гектар алқапта шөп шапты. Облыс бойынша 850 мың тонна шамасында мал азығы дайындалды. Соның ішінде 500 мың тоннадан астам шөп қыстақтарға жеткізілген.

 

Данияр ЖҰМАДІЛ

saryarka-samaly.kz