Жас маман биліктің қолдауына қайтарым ретінде бар білімін екібастұздықтарға сапалы қызмет етуге арнайтынын айтты. Семейден келген ерлі зайыпты акушер-гинеколог дәрігерлер Айгүл Құрманбаева мен Ербол Санапаев та Екібастұз қаласының тұрақты тұрғынына айналмақ. Отағасы екі жыл бұрын келсе, жары биыл оқуын бітіріп, кеншілер қаласына келген.

Жалпы, еліміздің барлық дерлік өңірінен өмірі мен еңбегін кеншілер шаһарымен байланыстыруға бекінген 28 дәрігерге жаңа үйден облыс әкімі Болат Бақауов пәтер кілттерін табыстады.

- Медицина саласы қызмет-керлері бізге өте қажет. Облыс бойынша жалпы практика дәрігер-лерінің жетіспеушілігі бар. Сондықтан дәрігерлерге жағдай жасауға дайынбыз. Әлбетте, алдымен аймағымызда сұранысқа ие мамандық иелерін пәтермен қамту қажет. Әлі де қолдауға дайынбыз. Оған мүмкіндік бар. Әлі де баспаналар салынады. Облысымызға өзге өңірлерден келген дәрігерлер екі жыл дересінде толығымен баспанамен қамтылуы тиіс. Ең басты мәселе – үйлі болу. Бұл шешілген соң жұмыс істеу де жеңіл, - деді облыс әкімі.

Пәтер иеленгендер қатарында жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, неонтологтар, анестезиологтар бар.

Екібастұзда көпбалалы отбасыларды да баспанамен қамтуға мән беріліп келеді. Әкімдік екінші нарықтағы үйлерден бүгінде пәтерлер сатып алып, көпбалалы аналарға беруде. Бүгінге дейін қалалық бюджеттен бөлінген қаржыға 25 пәтер сатып алынуда. Сол пәтерлердің біріне көпбалалы ана Мейрамгүл Бабажанова иеленді.

Көпбалалы анаға кілтті табыс-таған облыс әкімі Б.Бақауов аналарға қамқорлық ортаймайтынын атап өтті.

Бибігүл Бабажанова - төрт баланың анасы. Күйеуі ГРЭС-1-де жұмыс істейді. Үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген ана билікке риза.

- Бұған дейін төрт баламен бір бөлмелі пәтер жалдап тұрдық. Одан кейін мемлекеттік қордан бір бөлмелі пәтер уақытша тұруға берілді. Бірақ, бізге өте тарлық етті. Енді міне, балаларым кең жерде асыр салуына жағдай бар. Өте қуаныштымыз, - дейді көпбалалы ана.

 

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Екібастұз қаласы.

saryarka-samaly.kz