«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары ретінде тексеру комиссия-лары қызметінің мақсаты жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Тексеру комиссиясымен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 8 айда 31 объектіде 8 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде:

27-мемлекеттік мекемелер;

2-квазимемлекеттік сектор субъектілері;

2-өзге де мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.

Жалпы қамтылған қаражат көлемі - 36 314,1 млн. теңге.

Анықталған Қазақстан Респуб-ликасының бюджет және өзге де заңнамасы бұзушылықтарының жалпы сомасы – 3 398,1 млн. теңге немесе аудитпен қамтылған қаражат көлемінің 9,4%, оның ішінде:

қаржылық бұзушылықтар - 1 254,7 млн. теңге немесе 37%; тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің сомасы - 1 865,7 млн. теңге немесе 54,9%;

тиімсіз жоспарлау сомасы - 277,7 млн. теңге немесе 8,1%.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 1 254,7 млн. теңге:

- бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау 571,6 млн. теңге немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 45,5%;

- бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану - 676,4 млн. теңге немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 53,9%;

- бюджетке түсетін түсімдер-6,7 млн. теңге немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 0,5%.

Аудит объектілерінің қаржылық бұзушылықтарымен қатар рәсімдік сипаттағы көптеген бұзушылықтарға жол беріледі, олардың жалпы саны 204 бұзушылықтарды құрады.

2019 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша аудит объектілерімен 1 237,8 млн.теңге немесе жалпы өтеу (қалпына келтіру) сомасынан 98,6% қалпына келтірілді (өтелді).

2019 жылғы 8 айдағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын талдау жүйелік бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін бірқатар факторлардың бар екенін көрсетті, оларға жатқызуға болады:

- стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың әлсіз деңгейі;

- Аумақтарды дамыту бағдарламалары көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған бағдарламалық құжаттарымен өзара байланысы жоқ;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті деңгейде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын үнемді және нәтижелі жұмсауға бағытталмауы;

- мемлекеттік бюджеттің дербес деңгейіне көшу жағдайында ауылдық округтер, ауылдар әкімдіктерінің жұмысқа дайындығының төмен деңгейі;

- ауылдық округтер, ауылдар әкімдіктерінің МӘМ қаражатын қалыптастыру, жоспарлау және жұмсау рәсімдерін сақтамауы, өзін-өзі басқару мәселелерінде жергілікті қоғамдастық белсенділігінің төмендігі;

- лауазымды тұлғалар мен уәкілетті органдардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы;

- жергілікті уәкілетті органдар, ведомстволық бағынысты/коммуналдық кәсіпорындардың қызметін басқару органдары тарапынан бақылаудың болмауы;

- мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлер біліктілігінің төмен деңгейі;

- мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесімен жарақтандырудың төмен деңгейі.

Сонымен, есеп беру кезеңінде тексеру комиссиясы барлық проблемалық мәселелер мен аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға 119 ұсыным пен 74 тапсырма берді, оның ішінде 76 ұсыным пен 42 орындау мерзімі басталған тапсырма орындалды.

Жол берілген бұзушылықтар үшін 49 лауазымды тұлға, cоның ішінде аудит объектілерінің 28 бірінші басшысы және олардың орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есептік кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 11 материал жіберілді.

2019 жылғы 1 қыркүйекке жолданған материалдарды қарау қорытындысы бойынша 6 лауазымды тұлға және 5 заңды тұлға жалпы сомасы 2 159,0 млн. теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық қорғау органдарына іс жүргізу шешімін қабылдау үшін 5 материал жіберілді, соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаментіне 2 материал, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 2 материал, Павлодар облысының прокуратурасына 1 материал жіберілді.

Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыстың тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерімен бірлесіп тексеру қорытындылары бойынша семинар-кеңестер, сондай-ақ бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша облыстың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру бойынша өңірлік орталықта оқыту семинарлары өткізіледі. Оқыту семинарларының қатысушылары негізінен мемлекеттік органдардың есеп қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік сатып алу бойынша мамандар болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралардың барлық қорытындылары ресми интернет-ресурста жарияланды.

Тексеру комиссиясы алдағы уақытта да ҚР Президентінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, аймақтағы қаржы және бюджеттік тәртіпті нығайтуға ықпал ету бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.

saryarka-samaly.kz