- Алмагүл Мұқатайқызы, аймағымызда міндетті медици-налық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Облысымыз жаңа жүйені қабылдауға қаншалықты дайын?

- Елімізде бұл жүйені енгізу бойынша барлық облыстардың дайындығы пысықталуда. Өткен айда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымов өңірдегі дайындық жұмыстарына оң бағасын берген болатын. Облысымызда емханалар мен ауруханалар 100 пайыз компьютермен жабдықталғанын атап өткен жөн. Қазір Қазақстан бойынша медициналық ұйымдардың 69,7 пайызы желіге кіру мүмкіндігіне ие. Ал Павлодар облысында бұл көрсеткіш 93,6 пайызға тең. Медициналық қызметті жеткізетін жекеменшік мекемелердің 71 пайызы ақпараттық жүйеге қосылған. Дәрігерлер компьютер және ғаламтор желісімен қамтылуда. Осыдан-ақ, дайындық жұмыстары өз деңгейінде екенін көруге болады.

Павлодар облысында барлық жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ақша аударып келеді. Аймағымыздағы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша 9,3 млрд. теңге төледі.

- Жаңа жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Бұл уақытқа дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтан-дыруға тіркеліп үлгермегендерді не күтіп тұр?

- Алғашында жаңа жүйеде тұрғындар үшін жеңілдік қарас-тырылады. 1 қаңтардан бастап, сәуір айына дейін медициналық көмек барлық тұрғындарға бірдей көрсетіледі. Ал 1 сәуірден бастап сақтандыру жүйесіне тіркелмегендер екінші пакет ұсынатын көмекті тегін ала алмайды. Бұған табысы аз, қалтасы қымбат шараларды көтермейтін МРТ, компьютерлік томография, қан компоненттерімен қамтамасыз ету, медициналық оңалту және қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шаралары жатады. Сақтандыру жүйесіне тіркелмегендер бұл қызметтерді ақылы түрде пайдаланады.

Сондықтан біз халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтудеміз. Бұл ретте мамандар аймағымыздағы барлық аудан-ауылдарды, шеткі елді мекендердің барлығын аралап, халықпен көздесу өткізді. Қала тұрғындары үшін көше билбордтары мен LED-экрандарда, қоғамдық көліктерде жарнамалар орналастырылып, радио және телеарналардан хабар таратылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

- Медициналық көмек көрсетумен айналысатын мекеменің қызметі қалай тексеріледі?

- Павлодар облысында медициналық көмек көрсететін 63 медициналық ұйымның 30-ы - жекеменшік. Әлеуметтік меди-циналық сақтандыру қорының сарапшылары тұрақты түрде қызмет сапасына мониторинг жүргізеді. Ақпараттық жүйе арқылы мамандар ұйым жұмысын бақылайды. Бұдан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес, жоспарлы тексеру шаралары да өткізіледі. Медициналық сақтандыру қоры қызметтің нақты көрсетілген немесе көрсетілмегенін, емдеу хаттамаларының талапқа сай толтырылуы немесе толтырылмауын, жалпы нәтижесін тексеретін болады. Егер қандайда бір мекеме олқылыққа жол беретін болса, айыппұл арқалайды. Егер емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алса, мұндай іспен құқық қорғау органдары айналысады. Ағымдағы жылы тәулік бойы қызмет атқаратын стационарлық көмектің сапасына жасалған мониторинг нәтижесінде ақаулар анықталып, 61,4 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл сома өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға аз екенін атап өткім келеді. Ал күндізгі стационарлық көмек бойынша өткізілген тексеріс кезінде медициналық ұйымдар 2 млн. теңге айыппұл арқалады. Бұл сома көлемі де өткен жылға қарағанда 42 пайызға төмен. Осыдан-ақ, мониторинг жұмыстарының нәти-жесін көруге болады. Қызмет барысындағы ақаулар Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасында, Екібастұз қалалық ауруханасында, Павлодар қалалық №1 және №3 ауруханаларында орын алды. Қызмет сапасы бойынша жүргізілетін мониторинг нәтижесі тұрақты түрде жұртшылық назарына жарияла- натын болады. Міне, мұндай шаралар дәрігерлерді тәртіпке шақырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ынталандыра түспек.

 

Сұхбаттасқан - Айдана ҚУАНЫШЕВА.

saryarka-samaly.kz