Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауқымды шара «Жастар жылы» аясында өтті. Веложарысқа Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, қызметкерлері мен ата-аналары, барлығы 200-ден аса адам атсалысты.

Эко-веложарысқа қатысушылар жергілікті өзен вокзалынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайына дейін жүріп өтті. Олар бір уақытта велосипедке отырып, 4 шақырым қашықтықты 15 минутта еңсерді. Мәреге жеткен спортшыларымызды жанкүйерлер құшақ жая қарсы алып, өздерінің қолдауларын білдірді.

Сондай-ақ, жанкүйерлер үшін Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының алдында мерекелік концерт ұйымдас-тырылды.

 

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz