Еліміздің барлық облыстарынан 8-12 жас аралығындағы балалар өзара бақ сынасатын байқау үшін елуден астам ән жазылып, телеарналарда концерттік шоулар көрсетілді.

Аймақтық іріктеу турында үш тілде (қазақ, ағылшын, француз) ән айтқан Асығат әншілік талабының зор екенін байқатқан болатын. Байқауға әзірлеген ұстазы - әнші Серікгүл Шарманова.

- 12 қазанда Шыңғыс Алматыға жүреді. Хореография, вокалдан сабақ алады,-дейді әншінің әкесі Асығат Тұрғанбек. - Киімдерін де ұйымдастырушылар өздері әзірлеуде. Соңғы турда балалар қазақтың белгілі эстрада әншілерімен ән шырқайтын болады. Орындайтын әндерін Алматыға барған соң таңдайды, - дейді ол.

Үлкен сахналарда ән шырқайтын танымал өнер иелерімен ән айту - бала үшін мерей болғанымен, ауыр сынақ.

«Мыңнан тұлпар» танылатын додада павлодарлық 12 жасар Шыңғыс Асығатұлы жеңімпаз атануы үшін қазылар алқасының бағасы және телекөрермендердің де қолдауы қажет. Ол үшін Ұлттық ән байқауында Шыңғыс Асығатұлына онлайн-дауыс беруіміз керек. Бұл байқау 24, 25, 26 қазан күндері КТК телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетелік, Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауына ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуде.

Сөйтіп, ерте көктемнен қара күзге дейін созылған додалы жарыс еліміздегі үздік 17 бала дауысты айқындамақ. Солардың ең биігінен Шыңғыс Асығатұлы көрінсе игі!

Онлайн-қолдау жасайық, ағайын!

 

С.ТАУҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz