«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – «Самұрық-Энерго» электр-энергетикалық холдингінің еншілес компаниясы, Қазақстан нарығына электр энергиясын аса ірі жеткізіп берушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын күзгі-қысқы кезең басталмай тұрып-ақ өзінің тұрақты дайындығын көрсетіп келген болатын. Мәселен, осы жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы жұмыстың қорытындысы бойынша станцияның жұмыс қуаттылығы 1 892 МВт-ты құрап, алты энергия блогы бір мезетте жұмыс істеген кезде көрсеткіш 3 028 МВт-қа жеткен болатын. Соңғы төрт айдың ішінде, яғни маусымнан қыркүйекке дейін 6,448 млрд. кВт сағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңінде өндірілгеннен 3%-ға көп.

Станцияда 2019 жылғы жөндеу науқаны аясында №4 энергия блогы ағымдағы жөндеуден, №7 және 8 энергия блоктары ағымдағы кеңейтілген жөндеуден өтті, №5 энергия блогын күрделі жөндеу аяқталды, №3 энергия блогын күрделі жөндеу жалғасуда.

Жалпы алғанда, 2019-2020 жылдарғы жылыту кезеңінің басталуына қарай «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрылымындағы энергетикалық компанияларының бәрі жабдықтың толық техникалық дайын екенін хабарлады.

Қазан айының басында Екібастұз ГРЭС-1-ден басқа «О.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ әзірлік паспорттарын алды.

Сондай-ақ, қысқы кезеңге дайындық жұмыстарына жаңар-тылатын энергия көздерін пайдаланатын нысандар мен энергия беруші ұйымдар да қатысуда.

Осылайша, «Самұрық Энерго» АҚ-ның құрылымындағы энер-гетикалық компаниялардың бәрі қысқа толық дайын.

Айта кетелік, әзірлік паспорты – энергия өндіретін және энергия беретін ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындығын растай отырып, жыл сайын берілетін құжат. Энергия нысандарының дайындығын бақылауды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесі іске асырады.

Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг болып табылатын «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары кіреді. Павлодар облысындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС осы холдингтің иелігінде.

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

saryarka-samaly.kz