Аталмыш өнер байқауына әлемнің түкпір-түкпіріндегі суретші балалардан 10 мыңнан астам жұмыс түсіп, қазылар алқасына ұсынылған. Олардың қатарында Павлодар облысы бойынша 32 жұмыс бар. Қазылар алқасы әр баланың еңбегін мұқият қарап, сурет салу шеберлігін сарапқа салды. Нәтижесінде, павлодарлық 9 оқушының суреті жоғары бағаланды. Олар жеңімпаз әрі лауреат атанды. Жетістікке жеткен жеткіншектердің қатарында Арина Саламованың «Менің таңғы асым» суреті, Октавия Синякованың (5 жаста) «Үй тапсырмасы», Алиса Усиктің «Қаймақ қосылған құймақ», Станислав Дорохин өзінің автопортреті үшін, Регина Даниленко «Теңіздегі жазғы демалыс», Черняк Кристинаның «Қырымда», Арслан Мединенің «Итпен серуендеу» тақырыптарында салған туындылары марапатталды.

Жас суретшілер шығармашылық еңбектерінің сапалы әрі мазмұнды болып шығуы үшін гуашь, пастель техникасымен жұмыс істеген. Кейбір балалар түрлі түсті қарындаштар мен фломастерді де пайдаланған екен.

Талантты да талапты жерлестерімізге биіктен көріне беріңдер дейміз!

 

Н.АҚЫТЕГІ.

saryarka-samaly.kz