343 ойыншы

Бес жас ерекшелігі бойынша (8, 10, 12, 15, 16 жас және одан жоғары) өткен турнирге кәсіби тоғызқұмалақшылармен қоса әуесқойлар да сынға түсті. Павлодар өңірінің барлық аудан, қалаларымен бірге Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан жалпы саны 343 тоғызқұмалақшы топқа түсті. Қарағанды облысының Теміртау қаласынан, аталған өңірдегі Ақадыр кентінен, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы мен Үржар ауданынан, Алматы облысының Талдықорған қаласынан келген тоғызқұмалақшылар да жүлдеге таласты.

- Бұл - ерекше турнир. Газеттің ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан он жылдам астам уақыт үзбей жарыс өткізуі - бұрын-соңды болмаған үрдіс. Облыстық басылымның онсыз да шаруасы шаш-етектен. Газет ұжымы ұлттық ойынға жанашырлықпен қарап, жыл сайын тоғызқұмалақты насихаттап келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі өзегі - ұлттық құндылықтарымызды сақтау. Облыстық «Saryarqa samaly» газеті рухани құндылығымызды насихаттауды ерте бастан қолға алғаны көңіл қуантады. Тоғызқұмалақ ойынын дамытуға барлық деңгейдегі ұйымдар мен жауапты мекеме өкілдері атсалысса екен деймін. Тіпті, сауда үйлері мен банктер де төл ойыннан дәстүрлі турнир өткізуді қолға алса жақсы болар еді. Тоғызқұмалақты насихаттап, спортшыларға қолдау көрсеткен басылым ұжымына сіздер де жанашырлық танытып, газетке тұрақты түрде жазылуды ұмытпаңыздар, - деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов жарыстың ашылу салтанатында.

Жүлде саны артты

Дәстүрлі турнирге қатысушы жасөс-пірімдерді қолдау мақсатында биыл жүлде саны едәуір артты. Бұған дейін 8 және 10 жасқа дейінгі тоғызқұмалақшылар 9-орынға дейін марапатталатын. Басқа жас ерекшеліктеріндегі қатысушыларға тек 4-орынға дейін жүлде беріліп келді. Биыл жүлдегерлер саны өсіп, 12,15 жасқа дейінгі тоғызқұмалақшылар 6-орынға дейін марапатталды. Осымен екінші мәрте тағайындалған облыстық тоғызқұмалақ федерациясының бұрынғы президенті, марқұм Ардақ Райымбеков атындағы жүлде 2 тоғызқұма-лақшыға берілді. Сонымен қатар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы арнайы 10 жүлде тағайындап, алыстан ат арытып келген жаттықтырушылар мен турнирге тұрақты түрде қатысып келе жатқан жергілікті бапкерлердің мерейін үстем етті.

Немересін жетелеп...

Дәстүрлі додаға жиналған тоғызқұма-лақшылар арасында жасы 70-ке жақындап қалған ақсақалды көзіміз шалды. Қарияны әңгімеге тарттық.

- Мен Аққулы ауданына қарасты Жамбыл ауылында тұрамын. Зейнеткермін. Осы турнирге 10 жасар немерем Нұрсәт Ошалды әкелдім. Бұл - оның алғашқы ойыны. Баланың сағы сынбасын деп ақылшы болып өзім бірге келдім. Тоғызқұмалақты мен де жастайым- нан жақсы білемін. Бала кезімізде ауыл қойшылары жайылым басында жүздесе қалса болды, қойдың құмалағын жинап, отау мен қазандық қазып, осы ойынды ойнайтын. Сол ағаларымыз жоғары оқу орнын тәмамдамаса да ойы орамды, ақылға бай, есепке жүйрік еді. Тоғызқұмалақ - тек ұлттық ойын ғана емес, ол біздің төл мәдениетіміздің қайнар көзі. Игі бастаманы қолға алып, төл ойынды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған «Saryarqa samaly» газетінің ұжымына алғыс айтамын, - дейді зейнеткер Ошал Тоқтасынұлы.

Ата басылым - «Saryarqa samaly» газетінің турнирі жыл сайын қатысушылар санының көп болуымен ерекшеленеді. Әуесқой спортшылардың бақ сынауына көбірек басымдық берілген жарыстың сапасы қандай? деген орамды сауал туындайды. Бұл сайысқа әуесқой спортшылармен қоса кәсіби тұрғыда шыңдалған, спорт шеберлері және республикалық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары да қатысады. Бірақ мықтымын деген спортшылардың кейбірі жүлдеге жетпей сүрініп жүр. Бір ғана мысал айтайық. Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы, тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Гүлнәр Базарәлиева былтыр басылым атындағы дәстүрлі турнирге қатысып, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болған еді. Г.Базарәлиева - еліміздегі дарынды тоғызқұмалақшылардың бірі. Ол биыл Түркияның Анталия қаласында өткен V әлем чемпионатына қатысып, әйелдер арасында қола медальді жеңіп алды. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Азия чемпионы, 19 жасқа дейінгі қыздар арасында ҚР чемпионы деген атағы бар. Аталған тоғызқұмалақшы биыл да басылым атындағы бәйгеде бақ сынады. Бұл жолы спортшы қыз қола медальді қанағат тұтты.

Сонымен 2 күн бойы Сарыарқаны дүбірге бөлеген айтулы додада 80-ге жуық тоғызқұмалақшы марапатталды. «Ең жас тоғызқұмалақшы» номинациясына 7 жасар Сабина Сейіткәрім (Павлодар) ие болды. «Тәлімді бапкер» аталымына турнирге әр жыл сайын шәкірт дайындап әкелетін Ақсу қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғыз- құмалақтан жоғары санаттағы жаттықты-рушысы Гүлжан Сапарова лайықты деп танылды. Қазақ руханиятына сүбелі үлес қосқан, облыстық тоғызқұмалақ феде-рациясының бұрынғы президенті Ардақ Райымбеков атындағы арнайы жүлдеге павлодарлық Аяжан Қабдылмәжит пен Аққулы ауданының тоғызқұмалақшысы Нұрхан Тоқтасын ие болды. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының арнайы 10 жүлде-сімен өзге өңірлерден осы турнирге тоғызқұмалақшыларды дайындап әкелген жаттықтырушылар мен жыл сайын тұрақты түрде жарысқа қатысатын жергілікті бапкерлер марапатталды. Олардың қатарында Ернұр Мерешев (Нұр-Сұлтан қаласы), Дияс Мүстаяпов (Қарағанды облысы), Әлішер Танхаев (Ақмола облысы), Ернұр Әлиакбаров (Алматы облысы), Жарас Исаханов (ШҚО), Меруерт Қадыр (Қарағанды облысы), Жанат Қаймолдин мен Роза Сапарова (Павлодар қаласы), Ерлан Айтышев (Ертіс ауданы), Сапар Әлемханов (Аққулы ауданы) есімді бапкерлері бар.


8 жас ұлдар:

І орын Досан Бексұлтан (Семей қаласы)

ІІ орын Бағдат Мират (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Әмина Мамтимен (Семей қаласы)

IV орын Мирас Беркұт (Павлодар қаласы)

V орын Аян Жилбаев (Ақсу қаласы)

VI орын Шахмет Мансұр (Ақсу қаласы)

VII орын Дінмұхамед Қажікенов (Павлодар қаласы)

VIII орын Нұралы Таңат (Аққулы ауданы)

IX орын Абылай Оразбай (Павлодар қаласы)

8 жас қыздар:

І орын Диляра Шайкенова (Павлодар қаласы)

ІІ орын Манап Аружан (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Нұрғайым Сайдулла (Қарағанды облысы)

IV орын Нарғыз Абылаева (Павлодар қаласы)

V орын Азиза Көлбаева (Ақсу қаласы)

VI орын Айгерім Смағұлова (Семей қаласы)

VII орын София Госнко (Екібастұз қаласы)

VIII орын Нұрай Шабанова (Павлодар қаласы)

IX орын Ділназ Боранқұл (Ақадыр кенті)

10 жас ұлдар:

І орын Нұрхан Тоқтасын (Павлодар қаласы)

ІІ орын Нұрғалым Байшүкір (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Еркежан Мамтимен (Семей қаласы)

IV орын Асемханова Малика (Семей қаласы)

V орын Әли Аманжол (Семей қаласы)

VI орын Арсен Есентай (Алматы облысы)

VII орын Нұрислам Орманәли (Екібастұз қаласы)

VIII орын Ернұр Шмидт (Ақсу қаласы)

IX орын Нұрқайыр Әбілхайыр (Павлодар қаласы)

10 жас қыздар:

І орын Гүлбахар Сайдулла (Қарағанды облысы)

ІІ орын Елдана Оралбай (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Аружан Азат (Павлодар қаласы)

IV орын Амира Таңат (Павлодар қаласы)

V орын Диляра Бопышева (Семей қаласы)

VI орын Мөлдір Төлеген (Екібастұз қаласы)

VII орын Аяулым Имраим (Аққулы ауданы)

VIII орын Ділназ Кодирова (Семей қаласы)

IX орын Іңкәр Қабылбек (Баянауыл ауданы)

12 жас ұлдар:

І орын Салауат Әкежан (Павлодар қаласы)

ІІ орын Арнұр Шахмет (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Еркебұлан Досан (Семей қаласы)

IV орын Надир Ахметов (Павлодар қаласы)

V орын Сапар Тамерлан (Ақсу қаласы)

VI орын Нұржан Исин (Павлодар қаласы)

12 жас қыздар:

І орын Аяна Исахан (Семей қаласы)

ІІ орын Ділназ Жанат (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Алина Исенова (Павлодар қаласы)

IV орын Тұрлығазы Динара (Павлодар қаласы)

V орын Аника Тұрсынбайқызы (Ақсу қаласы)

VI орын Алиана Сапарғали (Павлодар қаласы)

15 жас ұлдар:

І орын Олжас Норлан (Павлодар қаласы)

ІІ орын Ернұр Қазым (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Сұлтан Смағұлов (Павлодар қаласы)

IV орын Даулен Қожахметов (Павлодар қаласы)

V орын Асылхан Қанат (Екібастұз қаласы)

VI орын Ерасыл Әутәліпов (Ертіс ауданы)

15 жас қыздар:

І орын Айдана Болатханова (Ақсу қаласы)

ІІ орын Зухра Сайдулла (Теміртау қаласы)

ІІІ орын Айдана Токтарбайқызы (Семей қаласы)

IV орын Аяулым Дүйсенова (Үржар ауданы)

V орын Жиһаз Садықова (Үржар ауданы)

VI орын Мерей Сами (Павлодар қаласы)

16 жас ұлдар:

І орын Бақтияр Байжанов (Павлодар қаласы)

ІІ орын Ернұр Әлиакпар (Алматы облысы)

ІІІ орын Алмаз Серіков (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Ринат Керейбаев (Павлодар қаласы)

16 жас қыздар:

І орын Құндыз Есіркеп (Ұлттық спорт түрлерінен республикалық орталық)

ІІ орын Жамиля Баилдяшева (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Аружан Абдыханова (Павлодар қаласы)

ІІІ орын Ақсана Жұмабаева (Маңғыстау облысы)


Дастан ҚАПАЕВ, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбыдан мемлекеттік жаттықтырушы: - Биылғы жылы Түркияның Анталия қаласында тоғызқұмалақтан V әлем чемпионаты өтті. Қазақстандықтар жақсы өнер көрсетіп, әлемде өздеріне тең келетін тоғызқұмалақшылар жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл - елімізде ұлттық ойынның кең көлемде дамып келе жатқандығының айқын дәлелі. Әлемдік рейтингте көш бастауымыз ішкі дайындығымыздың мықтылығын көрсетті. Еліміздегі төл ойынның дамуына облыстық «Saryarqa samaly» газетінің жүлдесі үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирдің қосқан үлесі қомақты. Осы жарысқа қатысып, бағы жанған кейбір әуесқой тоғызқұмалақшылар бүгінде төл ойынмен кәсіби тұрғыда шұғылдануда. Турнирдің өзге жарыстардан айырмашылықтары бар. Жүлде саны көп. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Сондай-ақ осы жарысқа қатысқан барлық спортшылар арнайы сертификатқа ие болады. Турнирдің жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылатыны көңіл қуантады.


Леонид ПАРФИЕВИЧ, Семей қаласының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы: - Мен осы жарысқа жыл сайын шәкірттерімді алып келемін. Қайбір жылдары өзім де топқа түсіп көрдім. «Saryarqa samaly» газетінің дәстүрлі турнирі - балалар үшін мереке. Олар осы күнді жыл сайын асыға күтеді. Уақыт жақындағанда «Павлодарға мен де барамын!» дейтін жас тоғызқұмалақшылардың қатары күрт көбейіп кетеді. Биыл бұл жарысқа 11 спортшы әкелдім. Олардың 2-уі алтын, 4-уі қола жүлдеге қол жеткізді. Биыл турнирдің қорытындысында әрбір топтағы жеңімпаздар мен жүлдегер жеке-жеке марапатталды. Биыл жүлде саны да көбейген екен. Ұйымдастырушылар алқасы қатысушылар үшін қолдан келгенше жағдай жасады. Павлодар - тоғызқұмалақ бойынша еліміздегі топ бастап тұрған өңірлердің бірі. Сондықтан да осы өңірге спортшыларды жиі әкеліп, тәжірибе алмасу біз үшін тиімді болмақ. Келер жылы бұдан да көп шәкірт дайындап әкелемін деген ойым бар.


Түйін: Тоғызқұмалақ - ой жарыстырар ойын. Жыл сайын төл ойынымыздың төресі саналатын тоғызқұмалақтан дәстүрлі республикалық турнир өткізудің жауапкершілігі зор. Уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып келе жатқан дәстүрлі додаға қатысып, әрбір ойыншы өзіне рухани азық алса, басылым ұжымының басты мақсаты орындалғандығы.

 

Алпысбай ХОНЖ

saryarka-samaly.kz