- Айнұр Әбілқайырқызы, қазіргі таңда облыс орта- лығында қанша отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қам- тылған? Еңбекке жарамдыларды жұмысқа тарту ісі қалай жүргізілуде?

- Павлодар қаласында 3365 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл дегеніңіз - 14 мыңнан астам адам. Оларға жалпы сомасы 1 млрд. 271 млн. теңгенің жәрдемі жасалды. Қазіргі таңда 491 көмек алушы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуы тиіс. Олардың 294-і, яғни, 65,2 пайызы бүгінде жұмыспен қамтылды. Қалғандарын да еңбекке араластыруға әрекет жасалуда.

Айта кету керек, 2020 жылдан бастап көмек жаңа форматқа көшеді. Бұл ретте, мемлекетіміз шын мұқтаждарға жәрдемдесуді басшылыққа алып отыр. Яғни, жұмысқа жарамды азаматтар жұмыс істеуі тиіс. Оларды жұмысқа орналастыруға немесе шағын бизнеспен айналысуға билік қол ұшын береді. Демек, отбасының жұмысқа жарамды мүшелері отбасын асырауы тиіс әрі жауапты саналады. Мемлекет көмектің ашық, әділ тағайындалуына мүдделі. Қазіргі таңда АӘК алты айға немесе бір жылға тағайындалса, ендігі жылы бұрынғыша тоқсан сайын үш айға белгіленетін болады. Көмектің мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққан кірісі арасын-дағы айырма ретінде анықталады. Бүгінгі күні әр балаға бекітілген сома тағайындалса, енді еңбекке жарамды азаматтарға кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы кіріс арасындағы айырма берілмек.

- Тағы қандай талаптар күшеймек?

- Сонымен қатар, еңбекке жарамды азамат жұмысқа орналасудан бас тартса, көмектен ол және отбасы мүшелері толығымен қағылады. Бала күтімімен отырған аналар баласы үш жасқа толғанға дейін көмек алу құқығына ие. Бүгінде бұл көмек 7 жасқа дейін тағайындалып отыр. Учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейту көзделген. Енді комиссия отбасының материалдық жағдайын үш күнде емес, жеті күнде егжей-тегжейлі саралайтын болады. Отбасыларға көмек беруден бас тарту негіздері заң деңгейінде бекітілмек.

- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

- Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы ҚР азаматтары, оралмандар, босқын мәртебесіне ие тұлғалар, ықтияр хаты бар және тұрақты тұратын шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі. Бастысы, олардың жан басына шаққандағы орташа кірісі ағымдық тоқсанға бекітілген кедейлік шегінен аспауы тиіс. 2019 жылдың төртінші тоқсанындағы бұл шек – 19 294 теңге.

- Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтар қай меке-менің жәрдеміне жүгінеді?

- Павлодар қаласының тұрғындары көмектің бұл түрін алу үшін қалалық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш жазады. Аталмыш мекеме Академик Бектұров көшесі, 115 мекенжайында орналасқан. 21-54-85 телефоны арқылы қосымша ақпарат алуға болады.

- Тұрғындарды жаңашыл- дықтардан хабардар ету мақса-тында жұмыстар жүргізіп жатқан боларсыздар?

- Бөлімімізде және жұмыспен қамту орталығында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық елді мекендерде көш- пелі жиындар ұйымдастырылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да хабарландыруға күш салып жатырмыз. Сонымен қатар, АӘК-тің жаңа форматы жайында ақпарат бөліміміздің сайтына, Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға орналастырылды.

- Ақпаратыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан - Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

saryarka-samaly.kz