Мәдени шарада АҚШ-тан келген өнерпаз, GRAMMY сыйлығының иегері, джаз әншісі Джейми Дэвис пен Ресейдің джаз пианисі Алексей Черемизов өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткен «Джаз аңыздары» атты шараға келген көрермен қарасы мол болды.

Облыстық джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Виктор Шейкин өңірге ат басын тіреген жұлдыз туралы былай деді:

- Біздің заманымыздың көрнекті джаз суретшісі Джейми Дэвис - америкалық классикалық джаз дәстүрлерін сақтап, кеңінен дәріптеуші. Ол - өзінің бар өмірін джазға арнаған жан. Бүгінде ол осы саланың тірі аңызына айналып отыр. Оның репертуарында инновациялар мен джаз классикасы, блюз мен жан стилінің элементтері бар, - деді В.Шейкин.

Кешті өңірлік джаз оркестрі атақты Сэмми Нестиконың «Magic Fly» және «The heat’s on» туындыларымен ашты. Ал джаз өнерінің королі Джейми Дэвис джаз оркестрінің сүйемелдеуімен өз репертуарындағы таңдаулы шығармаларын тарту етті. Олар - Харрисон-Лигтонның «Something», Стиви Уандердің «Isn’t she lovely» және Вероника Веласкестің «Besa memucho» шығармалары.

- Джаз - бүкіл әлемге музыканың әмбебап тілін таратудың ең жақсы құралы. Әдемі музыканы әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізу - менің басты мақсатым, - деді концерттің жұлдызды қонағы.

Ертіс-Баян өңірінде алғаш рет дуэтпен өнер көрсеткен шетелдік қос жұлдыз Роберт Меллиннің «My One and Only Love» туындысын және бірқатар танымал шығармаларды ел назарына ұсынды.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz