Көрменің ашылуына Қазақ-стан Республикасындағы ҚХР елшілігінің өкілдері, Павлодар облысы мен Павлодар қаласы- ның фотосуретшілері мен қыл- қалам шеберлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шарада Қытай халқының өткен 70 жылдықта әлемнің дамыған мемлекеттерінің қата-рына кіру үшін күресі мен эко- номикалық жетістіктерімен кеңі- нен таныстыратын туындылар қойылған. Сонымен қатар, Қытай- ға тән жаңа дәуір социализмін құру және оның сәтті тәжірибе-сіне де көруге болады.

Облыстық көркемсурет музейінің басшысы Айгүл Нұрғамысованың айтуынша, бұл көрменің мақсаты – уақыт ағымындағы Қытай Халық Рес- публикасының өткен тарихын, бүгіні мен ертеңін таныту.

- Биылғы 55 жылдық мерей- тойымыз аясында біздің ұжым көптеген жобаларды іске асы- рып жатыр. Соның ішінде ерекше атап өтетін жұмысымыздың бірі - халықаралық деңгейде ұйым- дастырылған шаралар. Бүгінгі көрме Қытай Халық Республи-касының 70 жылдығына орай өткізілуде. Қонақтарымыз дәл осындай шараларды өз елдерінен бөлек, әлемнің бірқатар алпауыт елдерінде де ұйымдастыруда, - дейді Айгүл Нұрғамысова.

Музей басшысы аталмыш фотокөрмені бұған дейін елорда-лықтар мен Қарағанды, Ақтөбе және Шымкент тұрғындарының тамашалап үлгергенін айтты.

Ал ҚР-дағы ҚХР елшілігі- нің кеңесшісі Сунь Чандун халық- аралық фотокөрменің қорытын-дысы Ертіс-Баян өңірінде өтіп отырғанын айта келе, көрменің маңыздылығына тоқталды.

- Фотокөрме негізі үш бөлі-мнен тұрады. Бірінші бөлім - Қытай ұлтының аяққа тұруы, екінші - реформалар мен ашық- тық саясатының қолайлы кезеңі, яғни 1978 жылы елдегі реформаларды бастау мен еркіндік және ашықтық бойынша қабылданған қаулы кезеңі. Ал үшінші бөлім - жаңа дәуірге табанды әрі батыл қадам. Бұл 2012 жылы өткен Қытай коммунистік партиясының съезінде қабылданған реформалар саяси жаңғырту жүзеге асыруға негіз болып, Қытай мемлекетінің жаңа тарихи дәуірге қадамы болып саналады, - деді ол.

Сунь Чандун фотокөрме уақыт ағымындағы ҚХР өткен тарихын, бүгінгі және болашақ жетістіктерін баяндап көрсету екенін атап өтті. Сонымен қатар, көрші мемлекет болғандықтан, бір-біріміздің мәдениетіміз бен дәстүрімізді біліп, достық қарым-қатынасты нығайтуды көздейтінін айтты.

Көрме 2019 жылдың 4-18 желтоқсан аралығында жұмыс істейді.

 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

saryarka-samaly.kz