Қаржы институтының мәлі- метінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушының қарыз жүктемесін есептеу тәсілі өзгереді, яғни жалақысы күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға қарыз берілмейді.

«Тұтынушылық несиелен-дірудің қамтамасыз етілмеген сегментіндегі қарыздың өсуі 2017 және 2018 жылдары сәйкесінше жылына 31 және 28 пайызды құрады. Осы жылдың 10 айында тұтынушылық несие портфелінің өсуі небәрі сегіз пайызды құрады. Осы уақыт аралығында қазақстандықтар- дың орташа айлық жалақысы 16 пайызға өсті. Бұл қамтамасыз етілмеген несиелер бойынша берешектің өсуіне қарағанда екі есе тез. Ал жеке тұлғаларға несие беру нарығының көлемі бойынша Қазақстан қарыз деңгейі төмен елдер тобына жатады», - делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.

Ұлттық банктің пәрменімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарыз алушылардың қарыздық жүктемесін есептеу тәсілдері өзгереді. Яғни, күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар азаматтарға несие беруге тыйым салынды. Сондай-ақ банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл банктердің кепілсіз несие беруіне экономикалық ынталандыруды төмендетпек.

 

Мұрат АЯҒАНОВ

saryarka-samaly.kz