Олардың қатарында оқу озаттары, түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер, көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар бар. Шырша кешіне аймақ басшысы Болат Бақауов қатысып, мерекеге жиналған балаларға ыстық лебізін білдірді.

- Осы жыл сәтті жыл болды. Себебі, барлығыңыз жақсы еңбек еттіңіздер, жыл бойы түрлі жетістіктеріңізбен ата-аналарыңызды қуанттыңыздар. Мен сіздерді келе жатқан 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық пен жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін, - деді облыс әкімі өз құттықтауында.

Мерекеге жиналған жеткіншектердің назарына әсем ән мен театрландырылған қойылым ұсынылды. Сондай-ақ, Алтын адам, Самұрық құс, Шойынқұлақ, Бапы хан секілді кейіпкерлер балалармен түрлі ойындар ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында облыс әкімінің атынан әр балаға смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Жаңажылдық шырша кешінің соңында балалар тәттілерге толы ақ дастарқаннан дәм татты. Сонымен қатар, мереке қатысушылары жақында ғана тұсауы кесілген «Ertis» музейіне саяхат жасап, орталық алаңда орналасқан бас шыршаны тамашалады. Мереке қызықты әрі мазмұнды өтті.

 

Н.АҚЫТЕГІ.

saryarka-samaly.kz