Аталмыш байқауға РФ Новосібір облысы мен Алтай өлкесінен, Хакасия- дан және Қазақстан Рес- публикасынан 360 коман- да қатысып, спорт, шығар-машылық және зияткерлік бағыттары бойынша бақ сынаған. Олардың қата-рында облыс намысын шаһардағы №35 және Б.Момышұлы атындағы мектеп оқушыларының «TurboPvl» құрама коман- дасы қорғап, бар өнер-лерін ортаға салды. Атал- мыш топтың құрамында №35 мектептен 9-сынып оқушысы Елтай Елнұр, 7-сынып оқушысы Баспанов Асанәлі, 6-сынып оқушысы Иманов Алдияр және ро- бототехника үйірмесінің жетекшісі Камел Айбек, ал Б.Момышұлы атындағы мектептен 9-сынып оқушы- сы Егубай Смайыл, 7-сынып оқушысы Еркінов Аманәли, 6-сынып оқушысы Хомар Олжас, жетекшісі Айғожинов Дәулет бар.

Павлодарлық шәкірт- терден құралған аталмыш команда «Шығармашылық жоба» бағытында өнер көр- сетті. Қатысушылар «Автомобиль дөңгелектері өндірісі» деген тақырыптағы жұмысын ұсын- ған. Олар күн мен жел арқылы электр энергиясын сынайтын өндірістік роботтардың көме-гімен автоматизацияланған роботтарды іске қосқан. Жерлестеріміздің бұл еңбегін ғалымдар жоғары бағалады.

Фестиваль қорытындысы бойынша павлодарлық құра- ма команданың жұмысы үздік деп танылып, «Ең үздік шығарма- шылық жоба» аталымы бойын- ша жеңімпаз атанды. Команда арнайы дипломмен марапатталды. Ал жеңіске жеткен оқушылардың жетек-шілеріне Алғыс хаттар табысталды.

Айта кетерлігі, бұл шәкірт- тер келесі жылы тағы да атал- мыш шараға қатысуға шақырту алды.

 

Н.АҚЫТЕГІ.

saryarka-samaly.kz