- Абай Құнанбайұлының биылғы 175 жылдық мерейтойын атап өтуге еліміз айрық- ша мән беріп отыр. Прези- дентіміз «Абай және ХХІ ғасыр- дағы Қазақстан» деген тақы- рыппен шыққан мақаласында: «Абайды тану – адамның өзін- өзі тануы» деген пікір білдірді. Ал бас ақынның тұлғасын таны- тып, шығармаларын насихаттау- ға үлкен үлес қосып жүрген-дердің бірі өзіңіз. Осыдан бірер жыл бұрын «Абай ауылға келді» деген тақырыппен ауылдарды араладыңыз. Жалпы, сол жоба қалай басталып еді? Және ауыл адамдары сіздің Абай рөліңізді қалай қарсы алды?

- Иә, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай мерейтойына арналған мақаласын оқы- дық, таныстық. Бүгінгі қазақ руха- нияты үшін өзекті дүниелер көтеріл- ген екен. Тақырыбы айтып тұрған- дай, осы ғасырға, бүгінгі қоғамға Абай мұрасының қаншалықты қа- жетті екенін түсінікті сөзбен жет- кізіпті. XXI ғасырдағы Қазақстанға хакім Абайдың қаншалықты қажет тұлға екенін нақты дәлелдермен көрсетіп отыр. Иә, өзіңіз тілге тиек еткен «Абай ауылға келді» жобасын 2018 жылы ақпан айында қолға алдық. Идеяның авторы бұрын өңірдің мәдениет саласын басқарған Ардақ Райымбеков марқұм еді. Бір күні телефонмен хабарласып, осындай жобаны қолға алайық деді. Бірден құптадым. Себебі, менің де ең негізгі мақсатым халыққа Абай сөзін жеткізу ғой. Екеуіміздің ойымыз бір жерден түйісе кетті. Ал жобаның атауын тура осылай қоюымыздың да өз мәні бар. Заманында Абай атамыз да ел кезіп, ауыл аралап кеңес өткізеді екен. Ақын қай ауылға барса да, «Абай ауылға келді» деп айрықша құрмет көрсеткен. Бала-шағаларын ерте ақын түскен үйге жиналып, әңгімесін тыңдайды екен. Міне, «Абай ауылға келді» деген сөз сол заманнан қалған. 2018 жылы жазға дейін 5-6 ауыл- ға ғана барып үлгердік. Одан демалыс басталды. Күзде қайта жалғастырамыз деп келістік. Бірақ, мезгілсіз келген ажал азаматты арамыздан алып кетті, марқұм ол арманына жете алмады. Бірақ, одан кейінгі басшылар да қолдау көрсетіп, әлгі жобаны жалғастырдық. Шамамен 50-дей ауылда болып, Абай бейнесін сомдадым, сөзін жеткіздім. Халықтың ықыласында, сұранысында шек жоқ. Шарбақты ауылына қарасты Арбиген ауылында болған кездесуден кейін сол ауылда тұратын Қорған деген ақсақал сөз сөйледі. «Абаймен тірідей кездес- кендей болып тұрмын» деген таңданысын жасырмады. Жалпы, біз Абайды насихаттауда басқа өңірлерден бір қадам алда жүрміз. Олай дейтінім, биыл ғана келіп жатқан 175 жылдық мерейтойын біз осыдан бір-екі жыл бұрын бастап кеттік. Міне, бұл - жергілікті биліктің маңайында жүрген нағыз елшіл азаматтардың, шынайы ұлт жанашырларының еңбегі деп есептеймін.

- Қазір Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтушы- лар көбейіп келеді. Өзге ұлт өкілдері де жаттап жатыр. Бірақ, олар қаншалықты түсі- ніп оқиды деп ойлайсыз?

- Рас айтасың. Мен ел аралап жүргенде көпшілік: «Сіз Абайдың қанша шығармасын жатқа білесіз?» деген сұрақ қойып жатады. Менің ойымша, мәселе – санда емес, сапада. Мәселе – ойшылдың ойын түсіну, өлең-сөздерінің мағынасына терең бойлау. Қазір шыны керек, Абай өлеңдерін жатқа айтатын оқушылар көбейіп келеді. Мүмкін жақсы шығар. Бірақ, ақынның не айтқысы келгенін түсінбесе, өсиетін сана сараптамасына салмаса, одан еш пайда болмайды. Менің Абай өлеңдерін оқып, қара сөздерін жаттап жүргеніме 30 жылдай уақыт болды. Әрбір оқыған сайын ақынды өзге бір қырынан тани түсемін. Әрбір қара сөзінің әр сөйлемінде терең мағына жатқанына көзім жетеді. Қара сөздерінде бүгінгі қоғамның қотырын дөп басып айтқан тұстары өте көп.

- Білуімізше, сіздің атаңыз Мәди Әсенов хакім Абайдың ұлы Мағауияның туған бөлесі болып келеді екен. Сол туралы айтып берсеңіз...

- Рас айтасың, менің атам Мәди деген кісі - Абайдың Ділдәдан туған балаларының бөлесі. Сонда арғы атамыз Ділдәнің туған сіңлісіне үйленген болып отыр ғой. Атамыз жас кезінде хакімнің балаларымен етене араласқан, өте жақын жүрген адам. Осыған байланысты мынадай бір оқиға айтып берейін: Атам Мәди хакім Абайдың көп өлеңдерін жатқа білген. Жоғарыда айттым ғой, балаларымен жақын араласқан деп. Міне, сол кезде біраз қолжазбалары менің атамның қолына түсіпті. Өкінішке қарай, ол қолжазбалар бізге жетпеді. Аумалы-төкпелі заманда жоғалып кеткен. Әкеміз ерте қайтыс болғандықтан бізге ондай әңгіме айту мүмкіндігі болған жоқ. Бірақ, біз ол туралы әкемнің туған әпкесі Бибінұр апамыздан толық естідік. Мәди атамыздың отбасы 1930-жылдардағы ашаршылыққа дейін Май ауданында тұрған екен. Бірақ, аштық азабы шыдатпаса керек, ата қонысын қалдырып, Новосібір облысы жаққа көшкен. Ол кезде Бибінұр апамыз алты-жеті жасар қыз болған. Сонда мына бір оқиға есінде сақталып қалыпты: «Көшер кезде әкем үйдің төргі бөлмесінің еденін қопарды. Содан кейін астына қағаз-құжаттар салынған бір сандықты салып көмді де, қайта жауып тастады. Сандықты намазға жығылған кезде басы сәждеге тиетін жерге салды» дейді. Кейін ойлап қарасақ, ақынның әлгі қолжазбаларын сонда көмген екен. Атамыз Ресей жақта 15 жылдай тұрып, 1945 жылдары Павлодар жеріне қайта көшіп келіпті...

- Кейін қолжазбалар көміл- ген жерге іздестіру жұмыста- рын жүргізген жоқсыздар ма?

- 1990-шы жылдардың басы болса керек, мені Кеңес Одағы- ның Батыры, жерлесіміз Махмет Қайырбаев шақырып жатыр деп естідім. Барсам, ағамыз сол қол- жазбалар туралы сұрамаққа шақырыпты. Сөйтсем ол кісі осы әңгімені көрнекті ғалым, абайтану ғылымының негізін салған Қайым Мұхаметхановтан естіген екен. Ол Махмет ағаға телефон шалып, «Павлодар өңірінде Мәди- дің немересі тұрады екен. Соның қолында Абайдың қолжазбалары болуы мүмкін» деген ғой. Сол кезде Абайдың 150 жылдық мерейтойына дайындық басталып жатқан еді. Махмет аға бірден іздеп табайық деген ұсыныс айтты. «Көлікпен қамтамасыз етемін» деді. Мен де келістім. Содан атамыздың көзін көрген немере ағамыз Айғожа деген кісіні ертіп алдық. Алдымен Май ауданында тұрған үйін іздеуге кірістік. Бір емес, екі-үш рет барып үйін таптық. Бір жолы «Сарыарқа самалы» газетінің ре- дакциясынан Қажымұрат Смағұлов пен Төлеубек Қоңыр, өңірімізге белгілі ұстаз Қанат Даржұманов ағаларымыз еріп барды. Махмет Қайырбаев ағамыз да бірнеше рет жолсерік болды. Үйде ешкім тұрмайды екен. Едендері қопары- лып, төбесі түсіп жатты. Сонымен, апамыздың жоғарыдағы айтқанын жобалай отырып, төргі бөлменің ішін қаздырдық. Нәтижесінде көптеген қағаздың және басқа да қатты заттардың күлі шықты. Сөйтсек, үйдің едені өртенген кезде астына салып көмген қағаз-құжаттардың барлығы жанып кетіпті.

- Ертеректе республика- лық «Қазақ әдебиеті» газетін- де Қайым Мұхаметхановтың «Абайдың жарық көрмеген алты өлеңі» деген мақаласы шыққан екен. Онда да сіздің атаңыз жайлы айтылыпты ғой...

- Қайым ағамыз 1952 жылы Семейдегі Абай музейінің директоры болып тұрады. Сол жылдары менің атам Мәди Әсенов ғалыммен кездесуге музейге арнайы барыпты. Әңгімелесіп отырып, 1945 жылы Абайдың 100 жылдығы қарсаңында жарыққа шыққан өлеңдер жинағын қолына алып: «Бұл жинаққа ақынның кейбір өлеңі енбей қалыпты» деген ескерту айтады. Қайым аға: «Оны қайдан білесіз?» деп сұрайды ғой. Сонда Мәди Әсенов: «Мен Абайдың балаларымен жақсы араласып тұрғанмын. Кезінде біраз қолжазбалары да болды. Сол кезде жаттап алғанмын» деп жарыққа шықпай қалған өлеңдерін судыратып оқып береді. Олар - қателеспесем «Балалық шақ», «Лашын мен бүркіт», «Бүркіт сыны» деген өлеңдер. Жалпы, ешбір жерде сақталмаған алты өлеңін оқып берген. Қайым ағамыз әлгі өлеңдерді бірден қағазға түсіріп алады да, кейін ақынның басқа жинақтарына енгізіп, жарыққа шығарған. Осы әңгімені мен Қайым ағамыздың өз аузынан естідім.

- Бойыңыздағы жыршы- лық өнер атаңыздан дарыған болар...

- Дұрыс айтасың. Менің бойым- дағы жыршылық өнер, өлең жаттау қабілеті атамнан дарыған. Яғни, қанмен жалғасып келген ғажап күш деп білемін. Негізі, мен 40 жасқа дейін Абай шығармашылығынан мақұрым едім. Оған дейін көбінде орысша сөйлейтінмін. Себебі, мектепте орыс сыныбында оқы- дым, жоғары оқу орындарында да солай болды. Негізгі мамандығым – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Менің Абай әлеміне деген қызығушылығым Желтоқсан оқиғасынан кейін пайда болды. Бүкіл қазақ рухына үлкен төңкеріс әкелген оқиға болды ғой. Содан кейін ойым мен санам үлкен ойдың шырмауына түсті. «Мен кіммін? Қайдан келдім?» дегенді ойлай бастадым. Осы сауалдардың жауабын Абай мұрасынан тапқандай болдым. Ойшылдың әрбір сөзі теңдесі жоқ ғажап рухани әлем екеніне көз жетті. Содан бастап ақын шығармашылығын оқып, жаттауға кірістім. Одан кейін Шәкәріммен және Мағжанмен сусындадым. «Қалқаман-Мамыр» пьесасын жатқа айта бастадым. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерімен танысып, «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Еңлік-Кебек» дастандарын санама сіңірдім.

Бір күні осы шығармаларды моноспектакль ретінде театр сахнасында неге қоймасқа деген ой туды. Осы ойдың жетегімен Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрына бардым. Ол кезде Аманкелді Шукин деген басшысы болды. Басшылыққа өз ой-пікірімді айттым, ұсынысымды ортаға тастадым. Артистер қауымы да бірден құптады, менің қатарыма режиссерлер қосылды. Қолға алған жұмысым сәті түсіп, алғаш рет театр көрермендеріне жол тартты. Сонымен қоса мектептерді аралап, оқушыларға көрсеттік. Жалпы, 1995 жылға дейін яғни, ақынның 150 жылдығына дейін көптеген ауылдар мен аудандарды аралап шыққан болатынбыз.

- Биыл ақынның 175 жыл- дық мерейтойын қарсы алып отырмыз. Осы арқылы қазақ руханиятына үлкен бір серпі- ліс әкелуге жақсы мүмкіндік туып тұр. Ақын сөзін әр санаға жеткізе алатын тағы қандай жоба ұсынасыз?

- Абай мерейтойы 2020 жылы болғанымен, мектептер үшін өткен оқу жылында басталып кетті. Сондықтан, біз өткен жылдың қыркүйек айынан бастап өңірдің барлық мектептерін аралап, «Абай сабағын» өткізіп шықтық. Бір ауданда шамамен бір аптадан болып, оқушылармен кездесіп жүрдім. Павлодар қаласын екі аптада аралап болдым. Күніне төрт-бес мектепке дейін барған кезім болды. Сол кезде осы шаруаны дер кезінде қолға алғанымызға көзім жетті. Себебі, қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында Абай мұрасына деген қызығушылық өте жоғары. Ендігі арманым – осы «Абай сабағын» республикалық деңгейге шығару. Еліміздің барлық өңірін аралап, оқушылар алдында ақын өлеңі мен сөздерін оқысам деймін. Себебі, ол - барша қазаққа ортақ тұлға. Ол – қазіргі қазақ қоғамын тазартушы ең үлкен күш. Бұл туралы жақында облыс басшыларына айттым, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасадым, ешкімнен жауап болмады. Содан жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жаздым. Енді ол қаншалықты нәтижелі боларын уақыт көрсетеді.

- Даниял аға, салиқалы сұхбат бергеніңізге рахмет!

 

Әңгімелескен - Тілеуберді САХАБА.

saryarka-samaly.kz