Атап айтсақ, 12 маусым-12 шілде аралы-ғында кездесулер Лондон (Англия), Баку (Әзербайжан), Мюнхен (Германия), Рим (Италия), Санкт-Петербург (Ресей), Амстердам (Голландия), Бильбао (Испания), Бухарест (Румыния), Будапешт (Венгрия), Копенгаген (Дания), Дублин (Ирландия) және Глазго (Шотландия) қалаларында ұйымдастырылады. Мұндай шешім дағдарысқа байланысты қолға алынғанын атап өткен жөн. Яғни, футбол мамандары ауыртпашылықты һәм жауапкершілікті бір елге артып қою дұрыс емес деп есептейді. Бірақ биылғы дода «акция» ретінде ұйымдастырылмақ. 2024 жылғы Еуропа чемпионаты бұрынғы ереже бойынша өткізіледі.

Әзірге жүлдеге таласатын 20 команда белгілі. Қалған 4 команда 26-31 наурыз аралығында өтетін іріктеу кездесулерде анықталады.

A тобы: Түркия, Италия, Уэльс, Швейцария.

B тобы: Дания, Финляндия , Бельгия, Ресей.

C тобы: Голландия, Украина, Австрия және Грузия, Белорусь, Македония, Косово құрамаларының бірі.

D тобы: Англия, Хорватия, Чехия және Шотландия, Израиль, Норвегия, Сербия, құрамаларының бірі.

E тобы: Испания, Швеция, Польша және Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия, Словакия, Ирландия құрамаларының бірі.

F тобы: Португалия, Франция, Германия және Венгрия, Болгария, Исландия, Румыния құрамаларының бірі.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ

saryarka-samaly.kz