- Нұрлан Майданұлы, жерді түгендеу жұмыстары басталғаны белгілі. Осы уақытқа дейін не тындырылды?

- «Smart City» жобасы шеңберінде жол картасын әзірледік. Бұған сәйкес, екі негізгі жұмыс жоспары бекітілген. Бірі - жерді түгендеу, екіншісі «Ақылды фермалар» құру бойынша түзілді. Жерді түгендеу жұмыстарының нәтижесі 2022 жылдың алғашқы тоқсанында белгілі болады. Әзірге сандық үлгіге 3 258,6 мың гектар жер көшірілді. Оның ішінде 1 757,4 мың гектар егістік, 3 139 мың гектар жайылым, 119,3 мың гектар шабын- дық және 0,3 мың гектар көпжылғы өсімдіктер. «Ақылды ферма» жобасына тоқталсақ, бүгінде барлық шаруа қожалықтарындағы жердің электронды картасы бар. Сондай-ақ, жанар-жағармай шығынын анық-тайтын қондырғылар орнатылған. Алдағы уақытта басқа да жаңа-шылдықтар іске қосылады. Ең бастысы, адам еңбегін барынша азайтуға жол ашылады. Жалпы, 2022 жылдың алғашқы тоқсанына дейін 43 ферма толығымен цифр-ландыруға көшеді.

- Qoldau.kz электронды жүйе- сі жайлы не айтасыз?

- Былтыр шаруаларға субсидия үлестіру ережесі өзгеріп, Qoldau.kz электронды жүйесіне өтінім жолда- ған азаматтарға ғана субсидия алу мүмкіндігі қарастырылғаны белгілі. Жаңа жүйе субсидия бөлудің ашықтығына көз жеткізуге мүмкіндік берді. Жасыратыны жоқ, алғашқы кезде жүйе дұрыс жұмыс істемей, шаруаларды әуреге салды. Қала берді, егде тартқан шаруалардың көбі көшке ілесе алмай, біраз уақыт түсінбей жүрді. Шалғайда орналасқан шаруа қожалық басшыларына интернет мәселесі қолбайлау болды. Бағдарламаға құжаттарын жедел енгізген шаруалар ғана субсидияға қол жеткізіп, қалғандары қорда қаражат таусылғандықтан тиісті қаражатын кейін алды. Қазір жағдай тұрақталды.

Биыл 1 қаңтардан бастап қағаз түріндегі астық қолхаты жойылып, электрондық үлгіге көшкенін айта кету керек. Бұл – астық ақпаратының ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың іс жүзінде жоқ көлеміне астық қолхаттарын беруді доғаруға мүмкіндік берді. Енді шаруалар үйде отырып-ақ электронды сауда арқылы тауарын сата алады. Бұған дейін элеваторға келіп, сатып алушылармен тікелей келіссөздер жүргізілетін. Жаңа жүйеге сәйкес, ақпараттар 3 күннің ішінде базаға түседі. Диқандар электрондық сандық қолтаңба ашып, ақпараттарды бақылауға мүмкіндік бар. Жалпы, кез келген жаңашылдық іске қосылғанда түсінбеушіліктер орын алатынын ұмытпаған жөн.

- Цифрландыру ісінде шет- елдік тәжірибеге сүйеніп жат- қан боларсыздар...

- Бүгінде көптеген дамыған елдер бұл салада әлдеқайда алға озып, цифрлы технологияның игілі- гін барынша сезініп отыр. Мәселен, Германияның ауыл шаруашылығы саласы - өзге елдерге үлгі боларлық. Бұл ретте, аймағымызға неміс ғалымдарын шақырып, семинар өткізу жоспарда бар. Неміс технологиясын дұрыс қолдана алсақ, тыңайтқыштарды үнемдеуге, жанар-жағармай шығынын азайтуға жол ашылмақ. Сондай-ақ, нақты метеодеректер, сенсорлар және датчиктер, ғарыш мониторингі жүйесін енгізу жоспарда бар.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.

saryarka-samaly.kz