Өңірлік коммуникациялар қызме-тінде өткен брифингте Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин осы және өзге де жобалар жайлы тарқатып айтып берді. «Алмалы бақ» жобасы «Түркі әлемінің генезисі» атты арнайы бағдарлама аясында жүзеге асуда. Былтыр бұл мақсатқа 740 мың теңге қаражат жұмсалған.

- «Көне ғасыр күмбірі» жобасы шеңберінде балалар өнер мектебінің базасында этнофольклорлық ансамбль құрылды. Бұл бағытқа 800 мың теңге бөлініп, ұлттық аспаптар сатып алынды. «Туған жер» бағдарламасы аясында Түгел батырдың қорымы ретке келтірілді. «Мектепке тағзым» акциясы шеңберінде мектеп түлектері жалпы сомасы 20 миллион 300 мың теңге қаражат жинап, қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ертіс ауылына республикалық бюджеттен 216 миллион теңге, облыстық бюджеттен 19 миллион теңге қаражат бөлініп, әжептәуір жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, көшелерді жарықтандыру, аудандық аурухананы күрделі жөндеу, жолдарды ретке келтіру шаралары қолға алынды, - дейді аудан басшысы.

Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері демеушілік көрсетіп, сиырқұйымшақтанып кеткен «Ақ бұлақ» бағдарламасының аяқталуына үлестерін қосуда. Осы орайда, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Жомарт жүрек» конкурсында «Сағынбай» шаруа қожалығының басшысы Сағынбай Уабов лауреат атанған. Ертіс ауданындағы еріктілер қозғалысын алға сүйреп жүрген Сағынбай Уабов «Ерен еріктілік» номинациясында үздік шықты. Осыдан 3 жыл бұрын құрылған шаруашылық ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына да өзіндік үлесін қосуда. Аталған шаруашылық ауыл мектебінде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, спорттық-мәдени шаралардың өтуіне қаржылай қолдау көрсетіп келеді.

Жерлес ақын Иса Байзақовтың 120 жылдық мерейтойына орай республикалық аламан бәйге өткізу жоспарлануда.

- Көптеген шараны ұйымдас-тырғымыз келеді. Алайда көрпемізге қарай көсілуге мәжбүрміз. Аудан бюджетінен мол қаражат бөлу мүмкін емес. Бұл ретте, жергілікті кәсіп-керлермен келіссөздер жүргізілуде. Аламан бәйгеден бөлек, айтыс ұйымдастыру ойда бар. Жалпы, спорттық-мәдени шаралар да кестеге сай өткізілетін болады. Негізгі шара тамыз айында Иса ақынның туған жері – Үлгілі ауылында ұйымдастырылады, - дейді А.Бейсекин.

saryarka-samaly.kz