С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен жиында елордалық мейман жобаның әрбір тармағына тоқ- талды. Айтуынша, 1995 жылы қабыл- данған заң 12 баптан тұрса, ендігі құжат 21 бапты қамтымақ.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев елімізде бейбіт шерулер өткізуге қа- тысты заңды жетілдіруді тапсырған бола- тын. Құзырлы министрлік шетелдік тәжі- рибелер мен қоғам пікірін, жалпы ахуал- ды ескеріп, құжаттың негізгі тұжырымда- масын түзген. Бүгінде жоба электронды үкімет порталының құқықтық-нормативтік актілер бөліміне орналастырылған. Демек, әрбір қазақстандық ұсыныс-талабын осы порталға жолдап, заң жоба- сын жетілдіруге үн қоса алады.

Сонымен, қолданыстағы заңда бейбіт жиналыстар өткізілетін орынды, ереже-лерді әр өңірдің өзіне белгілеу құзы-реті берілген. Енді мұндай талаптар жаңа заңда баршаға ортақ болмақ.

Вице-министр Д.Есиннің айтуынша, тұжырымдамада әрекеттің заңдылы-ғына, қауіпсіздігіне, қатысушылардың еріктілігіне мән беріледі. Бастысы, ой- пікірін жоғары жаққа жеткізуді қалай-тындардың шеру, жиналыс, ереуілдің өркениетті түрде өткізілуіне ден қойылады.

Бейбіт жиналыстардың барлық түрі- не ұғымдық аппарат енгізіледі. Яғни, бұл заңда бейбіт жиналыстардың нақты қандай түрлерін реттейтіні анық жазылады. Митинг, шеру, ереуіл және тағы басқаларының ара-жігі ажыратылады.

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа заң жобасының тұжырымдамасын әзірледік. Бұл құжат бейбіт жиналыстардың қоғамдық қауіпсіздігін, үшінші тұлғалардың құқығына нұқсан келмеуін қорғайды. Сонымен қатар, оған қатысушылардың мәртебесі айқындалады. Бейбіт жиналыстар өткізу- ге арналған орындар белгіленеді. Ол орындардың қандай болуы керектігі де анық көрсетіледі. Еліміз «халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұстанымына мән беретінін білесіздер. Бейбіт жиналыстар тиісті тәртіпке бағына тиімді өткізілсе, ұйымдастырушылардың да түпкі мақсатына, яғни, айтарын қоғамға нық жеткізуіне мүмкіндік болады, - деді вице-министр Данияр Нұрашұлы.

Заң қатысушыларының қатары 250 адамнан аспайтын бейбіт жиналыс-тарды реттейтін болады. Сондай-ақ, барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілмек. Бейбіт шеру барысынан ақпарат таратуға баратын журналистерге айқындаушы белгілер қарастырылмақ.

Бейбіт шеруге рұқсат беру жергілік- ті атқару органдарының құзыретіне жатқызылса, орындарды айқындау мәслихаттардың еншісінде болмақ. Орынның қала шетінде болмауына мән берілмек. Қатысушылар саны 250-ден аспайтын бейбіт жиналыс өткізу жөнінде құзырлы органға ұйымдастырушылар 15 күн бұрын хабарлама тапсыруы керек. Өтінішті қарау мерзімі, талаптары заңда қарастырылады. Рұқсат бермеуге әкелетін себептердің тізімі де жаңа жобада жазылмақ. Сонымен қатар, бейбіт жиналыстар өткізуде заң бұзушылықтарға жол берілсе, қолданылатын шара да қатаң болады. Яғни, ұйымдастырушылардың пікірін айтып, құқықтарын қорғаумен қатар, елдегі тұрақтылыққа, қауіпсіздікке залал келтірмеуі қадағаланады.

saryarka-samaly.kz