Бауыржан Байбек облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовпен бірге көмірлі ша- һардағы «Алтынай» арнайы балалар үйіне барды. Мекемеде ерекше қамқорлықты қажет ететін 138 бала тәрбиеленуде. Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу жұмыс-тары осыдан 10 жыл бұрын жүргізіліпті. Ғимараттың шатыры, қасбеті және жылу жүйесі қазір апатты жағдайда. Құрметті мейман ата-аналармен кездесу бары- сында мәселені шешу үшін барлық іс- шаралардың қабылданатынын атап өтті.

Одан соң Б.Байбек партияның қала- лық филиалында азаматтарды қабыл- дап, мәселелерін тыңдады. Қаралған мәселелердің ішінен Сарықамыс ауылын- дағы ауызсу мәселесін айрықша назар- ға алды. 450 тұрғыны бар елді мекенде орталықтандырылған ауызсумен қамту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары әлеуметтік және еңбек құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды талқылау үшін Екібастұз ГРЭС-1 кәсіпорнының жұмысшылары- мен және өңірдегі тау-кен өндірісі кәсіп- одақтарының өкілдерімен жүздесті.

Сол күні Бауыржан Байбек Павлодар қаласының белсенді тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Зиялы қауым- мен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері- мен бірге экология, еңбек миграциясы, сыбайлас жемқорлық, тағы басқа қоғам- да түйіні тарқамай тұрған өзекті мәселе- лерді талқылады.

Елбасының тапсырмасы бойынша, партия бірнеше айдан бері Үкіметпен және өңірлік филиалдарымен бірлесіп, алдағы 5 жылға арналған дамудың жаңа бағдарламасын әзірлеуде. Онда әр жеке өңірдің жергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттілігі көрініс табатын болады.

 

Өз тілшіміз.

saryarka-samaly.kz