- Марат Рашидұлы, бір жылдан соң елімізде диқан-дардан топырақтың құнар-лығы, ондағы элементтердің мөлшері толық қамтылатын агрохимиялық картограм- малар талап етілмек. Бізде мұндай құжат беретін зертхана бар ма?

- Кемеңгер ауылында Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының солтүстік-шығыс аймақтық филиалы жұмыс істейді. Олардың өздерінің жоспарлы жұмысынан бөлек, шаруалардың өтініші бойынша егістік топырағын зерттеу мүмкіндігі бар. Яғни, топырақтың құнарлығы, құрамындағы қандай элементтің барын, мөлшерін анықтайды. Шаруаға зерттеу актісіне қоса арнайы ұсынымдар береді. Соған сәйкес диқандар алқапқа қолданылатын тыңайтқыштарды анықтайды. Бұл мекеменің жұмыс істеп тұрғанына 14 жылдай уақыт болды.

- Жалғыз зертхана облыс-тағы барша шаруаны қамтуға қауқарлы ма?

- Негізі, диқандар топырақтың құнарлылығын 3-5 жылда бір рет тексеріп тұрады. Ол өнімділік үшін де қажет. Әлбетте, аймағымыздың барлық диқаны аталған зертхана көмегіне жүгінуі тиіс деген талап жоқ. Әркім аттестациядан өткен өзге облыстағы зертханалар мамандарын бұл жұмысқа тарта алады. Топырақ сынамасын жіберіп те қорытынды алу мүмкіндігі бар.

Келесі жылдан бастап енгізілетін жаңашылдыққа байланысты кейбір ірі шаруашылықтар жеке жылжымалы агрохимиялық зертхана сатып алу жағын да ойластырып жатқанынан хабардармыз. Негізі, тыңайтқышқа субсидия беруге байланысты 2017 жылы елімізде мұндай картограмма талап ету өзгерісі енгізілді. 2018 жылы аймағымыздың шаруалары бұл құжатты тапсырды. Бірақ оңтүстік өңірлерде шағын шаруашылықтар көп қой. Солар бұл талаптың ауыр тиіп жатқанын айтып, жаңашылдық 2021 жылға шегерілген болатын. Сондықтан павлодарлық диқандар алдағы жылы да қиналмайды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта жаңа ережені күтіп отырмыз. Қолымызға түсе шаруаларды хабарландырамыз.

- Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың тыңайтқыш қолдану көр- сеткішінің төмендігін алға тартты. Облысымызда жағ- дай қалай?

- Аймақ диқандарының топы-раққа тыңайтқыш енгізуі соңғы жылдары артып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, 2017 жылы шаруалар 12 мың тонна тыңайтқыш алса, 2018 жылы көлем 12 мың 700 тоннаға жетті. Былтыр 12 мың 900 тонна сатып алынды. Биылға берілген тапсырыс көлемі одан да көп екені қуантады.

- Тыңайтқышқа беріле- тін субсидия жайына тоқталсаңыз...

- Былтыр шаруалардың тыңайтқыш сатып алуға жұм- саған қаржысын субсидиялауға аймағымызға 765 млн. теңге бөлінді. Биыл 855 млн. 544 мың теңге қарастырылды.

Диқандардың шығынының 50 пайызына дейінгі мөлшерді мемлекет төлейді. Тыңайтқыштың бағасы нарықта әртүрлі болады. Әркім әр жерден сатып алады. Сондықтан тиісті норматив бойынша нарықтағы ең төменгі баға ескеріледі. Сол бойынша елу пайызға дейін субсидия беріледі. Ағымдағы жылға тиісті тізбе бекітілгеннен кейін сәуірде шаруалардан электронды түрде өтінім қабылданады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

saryarka-samaly.kz