- Айнұр Мақсұтқызы, әңгімеміздің әлқиссасын Қазақстан халқы Ассамблея-сының (ҚХА) негізгі міндетінен бастасақ...

- ҚХА-ның басты міндеті - мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Рес- публикасындағы қоғамдық-саяси тұрақты-лықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этно-саралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің Тұңғыш Прези- денті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастама- сымен құрылған мекеме. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толерант-тылықты және халық бірлігін одан әрі нығай- ту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізіп отыр. Ассамблея этномәдени бірлес-тіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқы- ның ұлттық мәдениеттерін, тілдері мен дәс- түрлерінің өркендеуін, сақталуын, және даму- ын қамтамасыз етеді. Жалпы, осы бағытта атқарған жұмыстардың арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессия-аралық келісімнің бірегей моделі қалыптасты. Сонымен қатар, әр азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституция- да кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана ала- тындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініс- тік ахуалы пайда болды. Бұл – Елбасының бүгінгі күнге дейін жасаған жақсылықтары- ның бірі екенін баса айтуымыз керек. - 1 наурыз - Алғыс айту күні. Өкінішке қарай, бұл күннің мағынасын әлі де тү- сінбей жүргендер бар сынды...

- Иә, Алғыс айту күнін тура мағынасында түсініп, жастар арасында өзгеше насихат- тап жүргендер жетерлік. Бұл - қате ұғым. Себебі, аталмыш күннің тарихы тереңде жатыр. Егер ұрпағымызға жанымыз ашыса, біз сол тарихтан бастап түсіндіруіміз керек. Әуелі ҚХА құрылғаны күні ретінде тойланып келген 1 наурызды Алғыс айту күніне өзгер- ту идеясын Елбасы 2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында мәлім еткені белгілі. Сол кезде еліміздің тұңғыш Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтар- ға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділік- тің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», деген болатын. Содан бері 5 жыл өтті. Уақыт өткен сайын маңызы артып келеді. Депортацияға ұшырап, қазақ жерін мекен етіп қалған әр ұлттың өкілдері сол жылдары басынан өткерген қиындықтарын ашық айта отырып, екінші рет өмір сыйлаған қазақ еліне деген ризашылығын білдіріп келеді. Осы арқылы біз бүгінгі ұрпақтың бойына мейірім ұялата келе, бейбітшілік пен тұрақты-лықтың қадір-қасие- тін ұғындыра аламыз. Сондықтан, Алғыс айту күніне татулық пен келісім саясатының символы ретінде қарауымыз керек. Бұл күн- нің басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, елдегі тұрақтылықты сақтау екенін түсіндіру бізге міндет.

- Биылғы жыл сіздер үшін үлкен мере- ке. Яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясы- ның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Сіз басшылық етіп отырған ұжымның бүгінгі бет алысы қалай?

- Қазіргі таңда өңірлік Қазастан халқы Ассамблеясы елдегі тұрақтылық пен бейбіт-шілікті сақтау жолында атқарып жатқан жұмыстардың қатарына қайырымдылық шараларын көптеп қосуды жөн көрді. Яғни, биыл біз өзгелерге қол ұшын беріп, қайырым- дылық жасауды мықтап қолға алдық. ҚР Президенті әкімшілігінің нұсқаулықтарына сәйкес жыл бойы атқаратын істердің жоспа- рын бекіттік. Жалпы, бұл іс- шаралар тек Ассамблеяның құрылымдары мен этномәде- ни бірлестіктерде ғана өткізілмейді. Онда өңірдегі жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер және кәсіпорындар кең көлем-де қамтылған. Яғни, осы мекемелерге ар- найы барып, атаулы даталар аясында түрлі шаралар өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, биылғы Еріктілер жылына орай құрыл- ған Волонтер орталығының жұмысына да көп көңіл бөліп отырмыз. Мұнда жалғыз-басты, көмекке мұқтаж қариялар мен аза- маттарға арналған түрлі акцияларымыз бар. Этномәдени бірлестіктер кезек-кезегі- мен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс істейтін ұжымдарға арнайы барып, концерттер қойып, Ассамблеяның мақсаты мен міндеті туралы әңгімелесіп жүр. Бұдан бөлек, ассамблеяда өткен жылы қолға алын- ған ерекше жобаның бірі – «Бесік жыры». Мұнда да өңірдегі 24 этно-мәдени бірлестік- тің басын біріктіріп, әр ұлттың ана тілінде бесік жыры шырқалды. «Нұр-Ана-әлемі» қоғамдық бірлестігі қолға алған тағы бір тың бастама - «Сабатой» мерекесі. Жалпы, Ертіс-Баян өңіріндегі барлық ұлт өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырып отырған қара шаңырақтың бет алысы, әсіресе, жастардың мемлекеттік маңызы бар іс-шараларда белсен- ділік танытып келе жатқаны бізді қуантады. Этнос өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметі мен құштарлығының артқанын аңғарамыз.

- Биылғы жыл еліміз үшін айтулы даталарға толы. Ассамблеяның құрыл-ғанына 25 жыл толуынан өзге аталып өтілетін атаулы мерекелерді этнос өкіл-дері тойлай ма?

- Неге тойламайды? Әрине, тұтас қазақ елі болып атап өтіп отырған Конституциямыз- дың 25, шығыс ойшылы Әбу Насыр әл- Фарабидің 1150, қазақтың бас ақыны Абай атамыздың 175 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өтуді біз қаңтар айында бастап кеткенбіз. «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі «Абай әлемі» атты эстафеталық акцияны қолға алған болатын. Мұнда ассамблея құрамындағы 24 этномәдени бірлестік Абай атамыздың көпшілікке беймәлім бір қырын көрерменге көрсетіп, ақынның өлеңдері мен әндерін орындайды. Бұл шара қазан айына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, осыдан бірнеше күн бұрын Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына орай жергілікті ғалымдар мен жас- тар арасында дөңгелек үстел өткіздік. Бұл бастама аудандарда жалғасын табатын болады. Ал Жеңістің 75 жылдығы мен Ата Заңымыздың 25 жылдық мерекесін атап өтуге байланысты да бізде түрлі шаралар жоспарланған. Елімізде болып жатқан кез келген оқиға Ассамблеяның назарынан тыс қалмайды.

- Жастармен көп жұмыс жасайтын-дарыңызды тілге тиек еттіңіз. Жалпы, ассамблея жанында «Жастар қозғалы- сы» орталығы бар. Олардың міндеті қандай?

- Жастар көп істе қозғаушы күш екенін мойындауымыз керек. Олар болмаса біздің істеріміздің бітуі екіталай. Әрбір өткізіп отырған шарамыздың түп тамыры - жастарға ой салу. Абай атамызға арналған челлендж, Әбу Насыр әл-Фарабидің өміріне арналған дөңгелек үстел болсын, барлық шараның соңғы түйінінде айтылатын сөзіміз «бірлік болмай, тірлік болмайды». Яғни, соңымыз- дан еріп келе жатқан жас буынға елдегі тұрақ- тылықтың маңызын құр сөзбен ғана емес, нақты істермен көрсетсек, жемісті болатынына көзіміз жетті.

Ассамблея құрамындағы «Жастар қозға-лысы» - біздегі әр істің қозғаушы күші. Олардың жеке бастамасымен облыстық «Ertis» телеарнасында «Этно кухня» жобасы қолға алынды. Мұнда әр этностың жастары өз халқының ұлттық тағамдарын әзірлеп, оның шығу тарихымен таныстырып, ерекше бір думан жасайды. Еріктілік істе де белсенділік танытып жүрген жастарымыз аз емес. Мені ерекше қуантатын жағдайдың бірі өзге ұлт жастарының қазақ тілі мен мәдениетіне деген құрметінің жоғары екені. Әркез білуге құмартып тұрады. Республикалық «Мың бала» жобасына қатысып, мемлекеттік тілді меңгеріп шыққан қаншама жастарымыз бар. Ассамблеяда қазақ тілін өзінің ана тілінен кем меңгермеген өзге ұлт жастарының қатары жыл санап артып келеді.

- Биыл қатарларыңызды этно-мәде- ни орталықтар толықтырды ма?

- Жоқ, жаңа құраммен толықпаса да біз- де жұмысы тұралап қалған бірнеше этно-мәдени бірлестіктері бар еді. Қазіргі таңда оларға жаңа басшы тағайындалып, көшке қосып жатырмыз. Олар қырғыз, грузин және ұйғыр этномәдени орталықтары. Бұл бірлес- тікте қоғамдық іске араласуға ниетті адам- дар бар, бірақ, соларға бағыт беретін жетекші болмады. Қазір 3 орталық та өздері- нің шашырап кеткен құрамын жинап, жыл- дық жоспарларын құрып, іс-шаралар ұйым-дастыруды қолға алып жатыр.

- Ал ауылдық жерлердегі этнос өкілдерімен байланыстарыңыз қалай? Олар назардан тыс қалып қойып жатқан жоқ па?

- Өңірлік Ассамблеямен байланысымыз өте жақсы. Жуырда Екібастұз шаһарында болып, сол жақтағы әріптестерімізбен бірле- сіп керемет отырыстар ұйымдастырдық. Ол жерде де жастарды жинап, еліміздің өзге өңірлерінде болып жатқан келеңсіздіктерді тілге тиек ете отырып, Тәуелсіз Қазақ елінің тұтастығы мен бірлігі жастардың қолында екенін айтамыз. Енді наурыздың 13 күні Шарбақты ауданына барып, ауылдарын аралап, кәсіпорындарында арнайы кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Одан кейін Ақтоғай ауданы күтіп отыр. Әр ауданда Ассамблея күндері өтеді. Осы ретте айта кететін тағы бір жаңалығымыз - 2016 жылдан бері ұйымдастырылмай қалған бір тамаша жобамызды қайтадан жандандырып жатырмыз. Ол Қазақстан халқының этникалық фестивалі. Міне, осы жылдан бастап осы шараны қайтадан қолға алып отырмыз. Бұған да облыстағы қалалар мен аудандар түгелдей қатысады.

- Қазір «Достық үйі» сырттан келген кез келген мейманның ат басын бұрмай кетпейтін қарашаңырағына айналды. Жалпы, қонақтар өңірлік ассамблеяның бүгінгі тынысымен танысқаннан кейінгі әсерімен бөлісе ме?

- Иә, расымен де, біздің мекемеге Елбасынан бастап, шет мемлекеттердің консулдары қостап, талай даңқты адамдар келді. Әр келген қонақтың жылы сөзі біздің көңілімізді марқайтатыны рас. Мәселен, жуырда ғана біздің өңірге келген Оңтүстік Кореяның елшісі біздің жұмыстарымызбен танысып болғаннан кейін былай деді: «Достық үйіне» кіріп келгенде ерекше аура- ны сезіндім. Мұнда түрі басқа болса да, жүрегі бір түрлі ұлт өкілдерін көрдім. Олар қазақ тілі мен мәдениетінен бөлек өзінің түпкі тамырынан ажырамаған. Тілін, ділін, мәдениетін біледі. Қазақстанды мекен етіп отырған этнос өкілдерін өзінің ұлттық болмы- сынан айырмаған Қазақ еліне мың рақмет!», - дегені бар. Сондай-ақ, Грузия елшісі болса, өз таңданысын былай жеткізген болатын. «Біз Грузияда тұратын 3 ұлттың басын бі- ріктіре алмай отырмыз. Сіздерге қарап таңда- нып әрі қызығып тұрмын», - деген болатын.

- Ертең - «Алғыс айту» күні. Жерлес- теріңізді айтулы мерекемен құттықтауы- ңызға болады...

- Рақмет! Бұл күннің тарихы тереңде жатыр. Ол басына нәубет төніп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған көптеген ұлт өкілдерін тарихи Отанынан ажыратып қана қоймады. Сондай қиын кезде тентіреп келген өзге ұлтқа пана болып, қолындағы бір үзім нанын бөліп берген қазақ еліне өз ризашылықта- рын білдіретін күн. Барша жерлестерімді айтулы күнмен құттықтай отырып, ата-бабамыздан аманат болып қалған Тәуелсіздігіміз- ді сақтап, жүректегі мейрім отын өшірмейік дегім келеді.

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz