Ақсу қаласындағы инвестициялық жобалардың басым бөлігі агроөнер-кәсіптік кешенге тиесілі. Қала әкімі Балғабай Ыбыраевтың айтуынша, қала мен оның ауылдық аймағында 600 және 1200 бас қара малға арналған екі тауарлы сүт фермасын, 10 мың басқа арналған құс фермасын және үш көкөніс қоймасын іске қосу жоспарланып отыр. Осы жобалар бойынша тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 7 млрд. теңгеден астам соманы құрайды.

Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов 2020 жылы кеншілер шаһарында алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын айтты. Олардың ең ірісі – инвестициялар көлемі 10 млрд. теңгені құрайтын қызанақ өсіретін жылыжай кешені. Осы жобаның нәтижесінде 450 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Сонымен бірге, қалада наубайхана салынып, Құдайкөл мен Тай ауылдарында үш ет фермасы, Қоянды ауылында ет-сүт фермасы іске қосылады. Осы алты жобаға 345 млн. теңге инвестиция тартылады.

Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша, облыс орталығында 32 инвестициялық жоба жүзеге асады. Олардың ішінде жеңіл құймалы көлік дискілерін сырлау (5 млрд. теңге), мұнай қалдықтарын өңдеу (1,2 млрд теңге) жобалары, өнеркәсіптік белсендірілген көмір өндірісі (1 млрд. теңге) және басқалары бар. Жалпы алғанда қаланың негізгі капиталына кем дегенде 148 млрд. теңге инвестиция құйылады.

Барлық әкімдердің есебін тыңдаған Әбілқайыр Сқақов қалаларда инвестициялар тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

– Сіздер қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен әріптестік орнатып, жаңа инвесторларды іздеулеріңіз қажет. Бізге жаңа жұмыс орындарын ашатын ірі инвестициялық жобалар қажет, - деді Ә.Сқақов.

Кездесудің соңында аймақ басшысы әкімдерге нақты тапсырмалар берді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

saryarka-samaly.kz