Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ПМПУ жанынан ашыл- ған өнер және спорт жоғары мектебінің студенттері мен оқытушыларының шығарма-шылық жұмыстары ұсынылды. Көрмеге қойылған бұйымдардан әр ғасырдың, дәуірдің арасындағы сабақтастықты бай- қауға болады. Осы ретте ұлттық қолөнердің қайта жаңғырып, дамуына аталған университет мамандары үлес қосып отырғанын атап өткен абзал. Солардың бірі – көпшілікке ағаш шебері ретінде аты таныс Мелжан Сыдықов.

- Біздің мақсатымыз - болашақ еңбек пәнінің мұғалімдеріне заман талабына сай әрі ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып білім беру. Кейіннен олардың шеберханадан алған білімімен өсіп келе жатқан жас буынға бағыт беретіні белгілі. Сондықтан қолөнерді жанымен сүйетін жастарды көптеп тәрбиелеуіміз керек. Бүгінгі күнге дейін мен шәкірттеріме ағаш- тан түрлі бұйымдар жасау бойынша жол көрсетіп, бойларында бұғып жатқан талантының ашылуына қол ұшын беріп келемін. Көрмеге қойылған заттардың барлығы - шәкірттерімнің өздері жасап шыққан бұйымдары. Ағаштан жасалған әр зат асқан төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Ұлдар жасаған жұмыстардың ірілері - яғни сандық, ағаш төсек тәрізділері оқу ордамыздағы Маrgulan орталығында тұр, - дейді М.Сыдықов.

Көрмеге қойылған заттар арасынан кескіндемені, моншақпен кестелеу, құрақ техникасы мен ағаштан ойып заттар жасау техникасын, киізден жасалған бұйымдар мен ұлттық киім үлгілерін көруге болады.


Серікжан ХАДЫС, Ақсу қаласы №2 жалпы орта мектебі- нің көркем еңбек пәні мұғалімі: - Біздің басты мақсатымыз – ата- бабамыздан мұра болып қалған сән- дік-қолданбалы өнерді әрі қарай дамытып, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу. Осы арқылы ұмыт болған ұлттық құндылықтарымызды жаң- ғырта аламыз. Мектепте біз оқушы-ларға ағаштан түрлі кәдесыйларды ойып жасауды үйретіп, темірден түйін түюдің жолдарын көрсетеміз. Мұндай көрмелер біздің шығармашылық жағынан өсуімізге жол ашары сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

saryarka-samaly.kz