«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің басшылығы қоғамдық тыңдау-ды онлайн өткізуге тырысқан. Алайда, ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті ерекше форматтағы шараға зейнеткерлердің қатысуы екіталай екенін алға тартып, ұсынысты қолдамаған.

«Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің баспасөз қызметінің мәлі-метінше, жарық тарифінің бағасын 6 пайызға көтеру жоспарлануда. Еліміздегі жағдай тұрақталғаннан кейін қоғамдық тыңдауды өткізу шарасы бірден қолға алынбақ. Десе де, монополистер құжатты қайта реттегенше 2 айға жуық уақыт қажет екен. Яғни, тұрғындар екі ай жарық тарифін бұрынғыша төлей бермек.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас-шысы Тимур Әмірхановтың мәліметінше, еліміз бойынша біздің өңірде ғана жарық тарифі-нің бағасы әзірге өскен жоқ.

- «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-нің басшылығы 2019 жыл-дың қазан айында станциялар-дағы электр бағасының қым-баттағанын алға тартып, тариф-ті көтеруге өтініш берді. Жыл басында өтініштері қанағат-тандырылмаған еді. Себебі, станциялардағы электр бағасын ҚР Энергетика министрлігі өзі реттейді. Бұл жолғы өтінішті қарастырғанның өзінде 2-3 пайызға ғана өсетінін айтқым келеді, - дейді Тимур Әмірханов.

Павлодар облысында электр энергиясы тарифі соңғы рет 2017 жылы өскенін атап өткен жөн.

saryarka-samaly.kz