Облыстық полиция департа-ментінің мәліметінше, төтенше жағдай режимі басталғалы бұл бағытта 263 факті орын алған. Тәртіп сақшылары жанұяда жан-
жал шығарып, отбасы мүшелері-не қол көтергендерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұдан бөлек, құқық қорғау саласының мамандары «Вконтакте» желісін-
де аудиожазба арқылы жат ағым-ды насихаттаған 34 жастағы адамды анықтады. Ол ҚР Әкім-шілік  құқықбұзушылық Кодексі-нің 453-бабының 4-ші тармағы бойынша айыпты деп танылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл ар-қалады. Осылайша, әлеуметтік желідегі заңсыз әрекеті үшін 277 800 теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттелді. Ал Тереңкөл ауданының тұрғыны заңсыз ішім-дік сатқаны үшін 15 АЕК көле-мінде айыппұл төлейтін болды. Рейдтік шара кезінде полицейлер жүргізушінің көлігінен  50 шөлмек ащы суды тәркілеген.

Өкінішке қарай, өңірде тәр-тіпке бағынбайтын ата-аналардың қатары артуда. Қазіргі уақытта карантин режиімі басталғалы бері  әкімшілік жауапкершілікке тартылған әке-шешелердің қатары 30-ға жуықтады. Мәселен, Ақсу қаласында 6-13 жас аралығында-ғы 4 жасөспірім үлкендердің бақылауынсыз көшеде жүрген. Сонымен қатар, 38 жастағы ішім-дікке салынған ананың 4 және 6 жастағы балаларының тәр-биесімен айналыспайтыны анық-талды. Ол әкімшілік Кодекстің 127-бабы бойынша жаза арқа-лады, ісі сотқа жіберілді.

Жалпы, төтенше жағдай режи-мі кезінде 60 ата-ана жауапқа тартылған.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

saryarka-samaly.kz