Сегізінші керемет!

Бәйшешектей гүл жарған қауызында,
Астана - Сарыарқамның бауырында.
Көк байрағын көтерген көк бөрі елдің
Алты құрлық қарап тұр ауызына.

Найза намыс нәр алған паң даладан,
Тағдырын тарам жолдан таңдап алған.
Бұл көрме - өр қазақтың жетістігі,
Тарихын тасқа жазып таңбалаған.

Елімнің мықтылармен тең иығы,
«ЭКСПО» – көрмелердің ең биігі,
«Нұрлы әлем» - бастауы ол болашақтың,
Астана – жер жаһанның Жерұйығы!

Намысты елдің қозғанда делебесі,
Арналған жүрекжарды өлең - осы.
Көркі бөлек көрменің шын бағасы -
Әлемнің сегізінші кереметі!

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

saryarka-samaly.kz